Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте порнографиялық материалдар жариялаған сайттар бұғатталды

Опубликовано:

Порнографиялық сайттар бұғатталды
Көрнекі фото: segodya.ua

Шымкентте тыйым салынған материалдарды жариялаған сайттар бұғатталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның жазуынша, 2020 жылдың 27-28 қазан аралығында Шымкент қаласының аумағында жоғары ақпараттық технологиялар саласындағы құқық бұзышылықтарды анықтау, жолын кесуге және заңға қайшы іс-әрекеттерге қарсы күрес бойынша шаралар тиімділігін арттыруға бағытталған "Hi-tech" жедел профилактикалық іс-шарасы өткен.

Іс-шара барысында Шымкент ҚПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері порнографиялық сипаттағы материалдарды жариялаған 50 сайтты анықтаған. Олар жедел түрде бұғатталған.

Сондай-ақ интернеттегі алаяқтық іс-әрекеттің жеті дерегі анықталып, Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз дайындау, жасау, иемдену, өткізу немесе пайдалану бойынша бір жайт тіркеліп, Қылмыстық кодекстің 399-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Осыған байланысты Шымкент ҚПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ақпараттық технологиялар саласындағы алаяқтардың құрбаны болмас үшін:

  • – ешқандай жағдайда ешкімге дербес деректерді, пластикалық карталардың деректерін хабарламауға;
  • – аударымдар туралы түбіртектерді, кодтарды және кодтық сөздерді бермеуге, күмәнді ақпарат көздеріне сенбеуге;
  • – тексерілмеген тауар үшін алдын ала төлем жүргізбеуге;
  • – күмәнді мәмілелер бойынша аударымдарды жүзеге асырмауға, ашық табыс көзінсіз қаржылық схемалардан сақ болуға;
  • – банкинг қызметтерге қатысты құпия сөздерді үнемі ауыстырып отыруға және төлем жүйелеріндегі қауіпсіздік шараларын сақтауға, өз шотыңыздағы қаржыны тексеріп отырауға кеңес береді.

Айта кетейік, бұған дейін ішкі істер министрілігі халықты интернет арқылы алдайтын алаяқтар көбейгенін және осыған байланысты алаяқтықтың кеңінен таралған түрлері туралы айтқан еді.

Сонымен қатар Алматы қаласының Полиция департаменті ұялы байланыс операторларымен және банктермен ғаламтордағы алаяқтыққа қарсы бірлесіп жұмыс жүргізу жайлы мәмлеге келгенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882361-symkentte-pornografialyk-materialdar-zarialagan-sajttar-bgattaldy/

pixel