Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Молдовада Президент сайлауы өтіп жатыр

Опубликовано:

Сайлау
Фото: Valery Sharifulin\TASS via Getty Images

Бүгін Молдавада президенттік сайлау өтеді. Негізгі тартыс республиканың қазіргі басшысы Игорь Додон мен бұрынғы премьер-министр, Еуропалық әрекет және ынтымақтастық партиясының жетекшісі Майя Санду арасында болады деп болжануда деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республика президенті лауазымына үміткерлер тізімінде барлығы сегіз кандидат бар, оларды 3,3 млн сайлаушы таңдайды. Алғаш рет сайлаушылар қатарына мойындалмаған Приднестровье тұрғындары кірді.

Қазіргі сайлау коронавирус пандемиясына байланысты қиын жағдайда өтіп жатыр. Молдова Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, шетелде тұратын 60 мыңнан астам Молдова азаматы сайлауға қатысуға тіркелген. Осыған байланысты коронавирустың әсерінен ішінара немесе толық "локдаун" енгізілген елдерде сайлаушылар сайлау учаскелеріне келуде қиындықтарға тап болуы мүмкін.

Сайлау
Фото: Valery Sharifulin\TASS via Getty Images

Мысалы, Францияда азаматтардың қозғалысына қатаң шектеу жарияланды. Сарапшылар негізгі тартыс республиканың қазіргі басшысы Игорь Додон мен әрекет және ынтымақтастық партиясының басшысы Майя Санду арасында өтеді деп болжайды. Майя Сандуды Еуропа өкілдері белсенді қолдайды.

Еуропалық халық партиясының қазіргі басшысы Дональд Туск бейнехабарлама жариялады, онда ол "Майя Санду Молдованы табысқа жетелейді" деп мәлімдеді, ал Германиядағы билеуші Христиан-демократиялық одағының (ХДС) төрағасы Аннегрет Крамп-Карренбауэр бұл кандидат "Молдованың болашағын білдіреді", – деп мәлімдеді.

Еске салсақ, Ливан үкіметінің ведомствоаралық COVID-19-бен күресте жедел әрекет ету штабы бүкіл елде коменданттық сағат енгізу туралы ұсынысты мақұлдады. Ереже түнгі уақыттағы қозғалыстарды шектейді.

Оған қоса, Грекия билігі 3 қарашадан бастап елде ішінара локдаун енгізу туралы шешім қабылдады. Тамақтану орындары, мұражайлар мен театрлар бір айға жабылмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1882510-moldovada-prezident-sajlauy-tip-zatyr/

pixel