Грекияда ішінара локдаун енгізілді
Жарияланған күні:
Грекия билігі 3 қарашадан бастап елде ішінара локдаун енгізу туралы шешім қабылдады. Тамақтану орындары, мұражайлар мен театрлар бір айға жабылмақ деп хабарлайды lenta.ru.
"Сейсенбі күні таңғы сағат 6-да күшіне енетін жаңа ережелер вирустың таралуына ықпал ететін екі салаға, яғни ойын-сауық шаралары мен азаматтардың қозғалысын тыюға бағытталған", – деді елдің премьер-министрі Кириакос Мицотакис.
Сонымен қатар, ол экономиканың өнеркәсіптік секторы, бөлшек сауда және мектептер жұмысы тоқтатылмайтынын атап өтті.
Коронавирустың алғашқы толқынында Грекия биліктің сарапшылар кеңесіне құлақ асуы және адамдардың ынтымақтастығының арқасында коронавирус эпидемиясымен сәтті әрі жемісті күрескен елдердің бірі болды.
31 қазандағы жағдай бойынша Грекияда 37 мың адам коронавирус жұқтырған, 620 адам қайтыс болып, тағы 1347 адам аурудан емделіп шыққан. Бұл көрсеткіш Италиядағы жағдаймен (648 мыңы ауру жұқтырған, 38 мыңы көз жұмған) салыстырғанда айтарлықтай төмен.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, әлемде жаңа коронавирус инфекциясынан 2 миллионға жуық адам қайтыс болды, 46 миллионға жуық инфекция жұқтыру жағдайы анықталды, оның ішінде 30 миллион науқас ауруынан айығып шыққан.
Еске сала кету керек, Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2020 жылғы 31 қазанындағы эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, өткен тәулікте 465 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Айта кетсек, Еуропадағы коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайларының 80%-ына мутацияланған коронавирус себеп болғаны туралы жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882488-grekiada-isinara-lokdaun-engizildi/