Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қараша айынан бастап Қазақстанда не өзгереді

Жарияланған күні:

Коронавирус
Көрнекі фото: pixabay.com

Күздің соңғы айында коронавирусқа байланысты елімізде бірқатар өзгерістер өз күшіне енеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Карантин шаралары күшейтілді

Коронавирус дертін жұқтырғандардың саны артуына байланысты Шығыс Қазақстан облысында 1 қарашадан бастап блок-бекеттер қойылды.

Сонымен қатар, 2 қарашадан бастап Өскеменнен шығатын және кіретін әуе рейстерінің санын қысқарту туралы шешім қабылданды:

Нұр-Сұлтан - аптасына 17 рейстен 7-ге дейін;

Алматы - аптасына 14 рейстен 7-ге дейін;

Шымкент - аптасына 2 рейстен 1-ге дейін.

Сондай-ақ, теміржол рейстері қысқарады:

Өскемен - аптасына 1 рет;

Алматы - аптасына 3-ке дейін.

Барлық жолаушыларға мерзімі үш күннен аспайтын ПТР анықтама болуы керек деген талап қойылды.

Одан бөлек, шығарып салушылар мен қарсы алушыларға әуежай мен вокзалға кіруге тыйым салынады. Өңірде транзиттік пойыздар тоқтамайтын болды.

Сонымен қатар, облыста шектеу шаралары демалыс және мереке күндері күшейетін болды. Қызметкерлердің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады.

Бұдан бөлек, енді шетелден келген қазақстандықтар анықтамасы болмаған жағдайда коронавирусқа тексеру үшін бұрынғыдай екі тәулікке емес, жеті күнге дейін оқшауланатын болды.

Екінші тоқсанда не өзгереді

Еліміздің оқушылары бірінші тоқсанды аяқтап, 5-14 қараша аралығында күзгі демалысқа шығады.

Екінші тоқсан 15 қараша күні басталады. Білім және ғылым министрлігі екінші тоқсанда мектепке барып оқитын оқушылардың саны артатынын мәлімдеді.

Оқушылар саны 300-ге дейін жетпейтін қала мен ауыл мектептерінің жұмысы дәстүрлі форматқа көшірілетін болады.

Сонымен қатар, ата-аналардың өтінішімен 1-ден 5-сыныпқа дейін және халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етілді.

Екінші тоқсанда екі формат бойынша білім алатын балалардың болжамды саны:

қашықтан оқыту форматында – 2,2 миллион;

дәстүрлі форматта – 1,2 миллион, оның ішінде:

- 800 мыңнан астам бала кезекші сыныптарда (1-5 сынып),

- шағын жинақты 4010 мектепте 434 мың оқушы,

-13 халықаралық мектепте 3 мыңға жуық бала (1-7 сынып) оқиды.

Бес уақыт намазды мешітте оқуға болады

2 қарашадан бастап күн сайынғы бес уақыт намазды мешітте оқуға рұқсат берілді. Алайда залдағы адам саны 100-ден аспауы тиіс.

Ал жұма намазын оқуға әзірге рұқсат жоқ.

Шетелдіктердің Қазақстанда болу мерзімі

Қыркүйек айында Қазақстан үкіметі пандемияға байланысты елден шығып үлгермеген шетелдік азаматтарға рұқсат мерзімін 1 қарашаға дейін созу туралы шешім қабылдады.

Шетелдіктерді және оларды қарсы алған азаматтар да әкімшілік жауапкершілікке тартылмады.

Мерзімі ұзартылған құжаттар тізіміне мыналар енді:

жеке басын куәландыратын құжат;

визалар;

уақытша тұруға рұқсат;

тұруға ықтиярхат;

иммигранттарға арналған еңбек патенттері.

Ал 1 қарашадан бастап заң бұзғандарға айыппұл салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882579-karasa-ajynan-bastap-kazakstanda-ne-zgeredi/