Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО денсаулық сақтау басқармасының бастығы қамауға алынды

Опубликовано:

Болатбек Каюпов
Болатбек Каюпов. Фото: kaztag.kz

Оралда облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Болатбек Каюпов ұсталды. Облыстық прокуратураға шенеунікті қамауға алуға екі ай мерзімге санкция берілгені туралы хабарланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Болатбек Каюповтың ұсталғаны туралы ақпарат өткен аптаның соңында пайда болды.

"Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына және оның сыбайласына қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", – деп хабарлады БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Каюповтың сыбайласымен бірге жеке компания директорынан 7,8 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінгенін хабарлаған.

"Пара 78 млн теңге сомасында медициналық техниканы жеткізуге арналған бұрын жасалған келісімшарттар бойынша тауарлық-материалдық құндылықтарды аяқтау және қабылдау актілеріне кедергісіз қол қоюға арналған", – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші бөлімінің ерекше маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Айта кетейік, жыл басынан бері елімізде бір мыңнан аса пара алу фактісі тіркелген. Биыл пара алушылар өткен жылғыдан 10 пайызға көп екен. Пара алу антирекордында Алматы облысы көш бастап тұр.

Сондай-ақ бұған дейін Түркістан облысында парамен ұсталған судья мен кәсіпкерің сотталғанын жазған едік.

Судья Түгел Бекімбетов 300 мың теңге көлемінде пара алып жатқан жерінде қолға түскен. Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылса, пара беруші кәсіпкер 2,5 жылға сотталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882702-bko-densaulyk-saktau-baskarmasyny-bastygy-kamauga-alyndy/

pixel