Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елде коронавирус жұқтырғандар саны қайта көбейді

Опубликовано:

тәж546
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар статистикасы ұсынылды. Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясы 449 адамда расталған деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 19

Алматы қаласы - 25

Ақмола облысы - 28

Ақтөбе облысы - 5

Алматы облысы - 17

Атырау облысы - 7

Шығыс Қазақстан облысы - 226

Жамбыл облысы - 4

Батыс Қазақстан облысы - 13

Қарағанды облысы - 16

Қостанай облысы - 15

Павлодар облысы - 40

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 113309.

Айта кетейік, коронавирусқа қарсы вакцинаны алғашқылардың бірі болып салғызған Қазақ ұлттық аграрлық университетінің халықаралық вакцинология орталығының директоры Қайсар Табынов қазіргі жағдайы туралы баяндап берді.

Оның сөзінше, екі ай бойы антиденелерді тексеріп отырған. Дегенмен кейін тексермеген.

"Қазіргі уақытта жағдайымды зерттеп жатырмын. Соңғы рет тексергенде 12 логарифм болды немесе титр 1:4000. Вакцина салғызғаннан кейін екі айдан соң айтарлықтай титрлар байқалды", - деді Табынов.

Алайда маманның сөзінше, бұл қорғау көрсеткіші емес. Вакцина қорғап-қорғамайтынын білу үшін адамдар коронавируспен ауырып жатқан госпитальге баруым керек екенін айтады.

"Сол ортада болғанда ғана вакцинаның нақты күші байқалады", - дейді вирусолог.

Сонымен қатар, Қайсар Табынов ақпан айында Еуропаға барып, коронавирус жұқтырған ғалымды мысалға келтірді. Ол антиденелерді тексеріп отырған. Бірақ 5 айдан соң коронавирустың мутацияға ұшыраған түрін қайта жұқтырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882747-elde-koronavirus-zktyrgandar-sany-kajta-kbejdi/

pixel