Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ысқақов ісі: Жемқорлықпен күресуші күдіктілердің бірін бостандыққа шығаруға уәде берген

Жарияланған күні:

Ысқақ
Фото: e-kyzylorda.gov.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел қызметкері құзіреті болмаса да, Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақовқа қатысты қозғалған істе күдіктілердің бірін бостандыққа шығаруға уәде берген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қызылордада кезекті сот тыңдауы барысында елордалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел қызметкері және "Қазпошта" АҚ ҚОФ директоры куәгер болған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аса маңызды істер жөніндегі офицері Азамат Игілманов Қызылорда облысының лауазымды тұлғалары мен кәсіпкерлер тобына қатысты жасырын тергеу әрекеттеріне (ЖТӘ) қатысуы туралы айтып берді.

Стенограмманы зерттеу NSD кезінде офицер бұлтартпау шарасын өзгертуге құзіреті болмаса да, кәсіпкер Жеңісбек Ысқақовқа бостандыққа шығып, үйде айран ішуге уәде бергенін көрсетті.

"Мүмкін айтқан шығармын. Біріншіден, бұл Жеңісбек Ысқақовқа қатысты болды. Мен оған тергеумен ынтымақтасса және қылмыстық іс қозғалуына кедергі жасамаса, онда бұлтартпау шарасы өзгеруі мүмкін екенін түсіндірдім. Алайда мен соттың алдында бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтініш бере алмаймын. Тек тергеуші ғана бере алады", - деп түсіндірді офицер.

Алайда стенограммада Игілмановтің бұлтартпау шарасын өзгерте алатынын үзілді-кесілді мәлімдегені көрсетілген.

"Егер ол тергеумен бірге жұмыс істесе, иә", - дейді офицер.

Келесі куәгер "Қазпошта" АҚ облыстық филиалының директоры және "Сыр мейірімі" ЖҚБ құрылтайшыларының бірі Аида Әбибуллаева болды. Ол қор шотынан 80 млн теңге қайда аударылғанын біліп отырғанын айтты. Бұл туралы оған "Сыр мейірімі" атқарушы директоры Сапура Абдрахимова баяндапты.

"Жұмылдыру штабының отырысында шешім қабылданды. Мен өзім жиналысқа қатысқан жоқпын. Сапура Зайтжанқызының сөздерінен білемін. Ол ақшаны қандай құрылыс компанияларына аудару керегін айтты", - дейді ол.

Әбдірахимованың сөзіне сүйене отырып, Аида Әбибуллаева 4 компанияға 20 млн теңгеден аударылғанын жеткізді. Фирмалар ол уақытта Арысты қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқан. Қаражаттың неліктен өтеусіз материалды көмек ретінде берілгені куәгерге белгісіз.

Артынша сұрақты Қызылорда облысы экс-әкімі Қуанышбек Ысқақов қоя бастады.

Ол 2019 жыдың 24 маусымындағы "Сыр мейірімі" ОСФ құрылтайшыларының жалпы жиналысының хаттамасын ұсынудан бастады.

"Күн тәртібінде екі мәселе болған. Біріншісі - снарядтардың жарылуынан зардап шеккен Арыс тұрғындарына көмек көрсету туралы. Екіншісі - тұрғындарға көмек көрсету жөніндегі комиссия құру туралы. Сіз оған қатыстыңыз ба?", - деп сұрады бұрынғы әкім.

"Жазда біз бармадық. Тек телефон арқылы мәселелерді талқыладық. Сапура Зайтжанқызы атқарылған жұмыстар туралы айтты", - деп жауап берді Аида Әбибуллаева.

- Хаттаманың астында бірқатар адамның қолы тұр. Жалпы жиналыстың төрайымы - Аида Әбибуллаева. Бұл хаттаманы жасауға қандай себеп болды?

- Ол кезде жиналыстар көп болатын, есімде жоқ. Мүмкін мен қатысқан шығармын, мүмкін қатыспадым, мен нақты айтпаймын. Ештеңе есімде жоқ. Сол кезде менде көптеген кездесу болды.

- Аида Ибрагимқызы, бұл ұмытуға болатын жиналыс емес. Содан кейін сіз көптеген жиналысқа төрайым болған жоқсыз ғой. Сіз бұл жиналысты өзіңіз жүргіздіңіз. Бұл жиналыс қандай себеппен болды? Егер бар болса, қашан және қайда? Егер жоқ болса, қандай себеппен мұндай хаттама жасалды және сізді неге төрайым етіп тағайындады, неге сіздің қолыңыз тұр?

- Мен білмеймін деп айта аламын ба? Шынымды айтсам, білмеймін.

Осы кезде прокурорлардың бірі оған есінде жоқ екенін айтуды ескертті. Адвокаттар наразылығынан кейін судья сот залында тәртіп орнатты.

- Қазір менің есіме түспей тұр. Ұмытып тұрмын. Мүмкін мен бұл жиналысты өткізген шығармын. Егер менің қолым тұрса, демек басқардым. Кімнің қатысқаны есімде жоқ. Мен Сапура Абдрахимовадан сұраймын", - деді ол.

Еске сала кетсек, 27 наурызда әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы Қуанышбек Ысқақовтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады.

Оған аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылған.

Ал 28 наурызда Қызылорда облысының әкімі қызметіне Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықованың тағайындалғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882805-yskakov-isi-zemkorlykk-karsy-kyzmetti-kyzmetkeri-kdiktilerdi-birin-bostandykka-sygaruga-ude-bergen/