Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болды

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Гүлшара Әбдіқалықованы Қызылорда облысының әкімі қызметіне тағайындады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Гүлшара Әбдіқалықова. Фото: abai.kz
Гүлшара Әбдіқалықова. Фото: abai.kz: Facebook

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев сәйкес жарлыққа қол қойды.

"Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалсын", – делінген құжатта.

Бұған дейін Қызылорда облысының әкімі болған Қуанышбек Ысқақов мемлекет басшысының жарлығымен қызметінен босатылды.

Гүлшара Әбдіқалықова 1965 жылы Сыр өңірінде туған.

Әр жылдары президент кеңесшісі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, премьер-министрдің орынбасары болып қызмет атқарған.

2014 жылы Қазақстанның мемлекеттік хатшысы лауазымына тағайындалды. Былтырғы тамыз айында мәжіліс депутаты атанды.

Айта кетейік, 27 наурызда әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы бұған дейін Қызылорда облысының әкімі болған Қуанышбек Ысқақовтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Алайда, бұл мәлімет ресми түрде расталып не жоққа шығарылған жоқ.

Саясаткер Ербол Еділов өзінің Telegram арнасында кейбір дереккөздердің дергіне сүйене отырып, жемқорлықпен күресушілер әкімді ғана емес, оның орынбасарын, сондай-ақ өңір басшысына туыс болып келетін екі кәсіпкерді де ұстағанын жазды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1847637-glsara-bdikalykova-kyzylorda-oblysyny-kimi-boldy/

pixel