RU

Елімізде тағы 432 адамнан коронавирус анықталды

бетперде1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 432 адам тіркелді деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

3 қарашада коронавирус анықталғандар аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 31

Алматы қаласы - 23

Шымкент қаласы - 1

Ақмола облысы - 28

Ақтөбе облысы - 5

Алматы облысы - 13

Атырау облысы - 9

Шығыс Қазақстан облысы - 197

Жамбыл облысы - 4

Батыс Қазақстан облысы - 14

Қарағанды облысы - 16

Қостанай облысы - 17

Павлодар облысы - 41

Солтүстік Қазақстан облысы - 33.

Жалпы ел бойынша COVID-19-бен ауырғандар саны 113 741.

Сонымен қатар өткен тәулікте 177 адам коронавирустан емделіп шыққан.

Айта кетейік, бұған дейін коронавирус жұқтырғандар саны күрт өскен Шығыс Қазақстан облысы коронавирустың таралу қарқыны бойынша "қызыл аймаққа" енгенін хабарлаған едік.

Еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов өңірде коронавирустың өршу себебін түсіндірген еді.

Шенеунік мұның объективті себептері бар екенін хабарлады. Соның бірі - халықтың жоғары көші-қон қабілеттілігі. Оның сөзінше, көрші мемлекеттердің шекаралас аудандарында бүгінде коронавирус бойынша жағдай өте қолайсыз, аурудың күрт өсуі байқалуда. Облыс тұрғындарының шекаралас аймақтарға жеке сапарларының нәтижесінде вирус таралған.

Қиясовтың айтуынша, коронавирус жұқтырғандардың күрт өсуіне тұрғындардың бейқамдығы да себеп болуы мүмкін. Бұған дейін маска режимін бұзғандар тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882951-elimizde-tagy-432-adamnan-koronavirus-anyktaldy/