Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мердігер ауылдан келген: Баталов Шоңжыдағы спорт кешенінің құлауын түсіндірді

Опубликовано:

Баталов
Амандық Баталов. Фото: today.kz

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ОКҚ-дағы онлайн брифингте облыста салынып жатқан спорт кешенінің құлауына қатысты пікір білдірді. Ол мердігер бұл нысанға Түркістан облысындағы ауылдан келгенін және жобалаушының Жезқазғаннан екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Баталов Алматы облысы, Шоңжы ауылындағы спорт кешенінің құлауына мердігер кінәлі екенін айтты. Мұндай қорытындыны комиссия мен Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты жасады.

"Металл құрылымдарын қате түйістірген, мұның бәрі бір блоктағы шатырдың құлауына себеп болды. Оқиғаның құрылыс кезеңінде болғаны жақсы болды. Мұндай жағдайларға жол берілмеуі керек – мұны авторлық мен техникалық қадағалау жіті бақылауы керек.

Өкінішке орай, бүгінгі таңдағы тендер жүйесі осындай, мердігер Түркістан облысы, Сарыағаш ауылынан, ал жобалаушы Жезқазғаннан келді. Мен олар жұмыс істей алмайды демеймін, бірақ жұмысты алған соң, сапалы етіп жасау қажет", – деді әкім.

Аймақ басшысы келтірілген залал шамамен 7-7,5 миллион теңгені құрайтынын айтты. Нысанға жауапты адамдар барлық жұмысты басынан бастап жасауы керек.

"Біз оларға: барлығын бекітілген мерзімге қалыпқа келтіріңдер, дедік. Егер нысан уақытында тапсырылмаса, оларға айыппұлдар салынады, содан кейін біз мұндай мердігерлер ендігәрі жұмыс істемеуі үшін бастама көтереміз", – деді Баталов.

Еске салсақ, қыркүйектің аяғында Алматы облысының Ұйғыр ауданында жаңадан салынып жатқан нысан опырылып түскен болатын.

Сондай-ақ, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ерке-Бұлан Усманбаев айтуынша, бұл нысанға 50-ге жуық адам тартылған. Ешкім зардап шеккен жоқ. Ол шатырдың жартылай құлауы жұмыс барысына әсер етпейтінін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1883051-merdiger-auyldan-kelgen-batalov-sozydagy-sport-kesenini-klauyn-tsindirdi/

pixel