Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Эпиджағдай қайта ушықты": Дәрігер алматылықтарды санитарлық шараларды сақтауға шақырды

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы қаласының №25 қалалық емханасының бас дәрігері Әлия Мазбаева Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-сұхбат барысында алматылықтарға үндеу жасады. Ақ халатты әлемде эпидемиологиялық жағдайдың қайта нашарлап жатқанын еске салып, тұрғындарды санитарлық нормаларды сақтауға шақырды деп хабарлайды Алматы әкімдігінің Telegram-дағы ресми арнасы.

Дәрігердің сөзінше, әлемдегі эпидемиялық ахуалдың қайта ушығуына байланысты және алдыңғы тәжірибені ескере отырып, Алматы қаласының барлық емханалары коронавирустың ықтимал жаңа толқынына дайындықты қамтамасыз еткен.

Сонымен қатар Әлия Мазбаева Алматы тұрғындарына коронавирусқа қарсы алдын алу шараларын еске салып, келесідей кеңестер ұсынды:

  • респираторлық инфекцияның айқын белгілері бар адамдармен, сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындармен байланысқа түспеу;
  • тыныс алу органдарын қорғау құралдарын пайдалану: бір реттік медициналық маскалар, респираторлар;
  • түшкіру немесе жөтелу кезінде тыныс алу этикетін сақтау;
  • мәдени-жаппай іс-шараларға қатыспау;
  • қол гигиенасын сақтау (сабын және антисептикалық құралдарды пайдалана отырып), оның ішінде адамдар көп жиналатын орындарға барғаннан кейін;
  • жедел респираторлық вирустық аурудың белгілері болған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну.
"Алдын алу шаралары әр адамға қатысты. Тыныс алу ауруының белгілері болған кезде өз-өзіңізді емдей, дәрігерлердің көмегіне жүгіну керек. Бұл ретте өз бетіңізбен емханаға барып, айналаңыздағыларға жұқтырудың қажеті жоқ, дәрігерді үйге шақыру керек", — деп атап өтті бас дәрігер.

Еске салсақ, бұған дейін 9 қарашадан бастап Павлодар облысында бірқатар шектеу шаралары қабылданатыны туралы жазған едік.

Сонымен қатар, Көкшетау маңына блок-бекеттер қойылатыны белгілі болды. Жалпы Ақмола облысында 9 қарашадан бастап жаңа шектеулер енгізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883309-epidzagdaj-kajta-usykty-driger-almatylyktardy-sanitarlyk-saralardy-saktauga-sakyrdy/

pixel