Елордалық дәрігерлер тірі баланы, "өлі туылды" деп құжат толтырып берген
Жарияланған күні:
Астаналық дәрігерлер жаңа туған сәбиді ата-анасымен үйіне жіберіп, ал құжатқа "өлі туылды" деп жазып берген. Бұл аздай науқастың кесерь тілігі асқынып кетіп, қайта ауруханаға түскен деп хабарлайды Астана телеарнасы.
Телеарна мәліметінше, 25 жастағы келіншек 21 қазан күні қыз баланы кесір тілігі арқылы дүниеге әкелген. Ана мен баланы 5 күннен соң перзентханадан шығарыпты. Ал, құжатқа "бала өлі туылды" деп толтырып берген.
Күйеуінің айтуынша, үйге шығысымен әйелінің жарасы іріңдеген. Тіпті дене қызуы 40- градусқа дейін көтеріліп, есінен танып қалғанын айтты. ъ
"Былай шыққан кезде қатты ауырып шықты. Күніге іріңдеп тұрды, күніге өңдеп тұрдық. Өздерінің жұмыстарында тиісті жазасын алу керек. Себебі, жазасын алмайтын болса, ол кейінде қайталанады. Баласын жоғалтып алуы мүмкін дегендей ғой", - деді елорда тұрғыны Темірлан Ырыскелдіұлы.
Ол сәбиге "Томирис" деп есім бергенін атап өтті. Нәресте ана сүтімен емес дәріханадағы қоспамен тамақтануда. Қазір оған нағашы әжесі қарап отыр. Айтуынша, қызы жарасы іріңдей бастаған соң дәрігерлер барған. Бірақ олар уақытылы көмек көрсетпей, бір-біріне сілтеп жіберіпті.
Дәрігерлер болса, бізден ағаттық кеткен жоқ деп ақталды. Құжатта жіберілген қателікті мойындап, ата-анасынан кешірім сұрапты.
"Техникалық ахау бойынша"баланың өлі туылды" дегені туралы жазғаны үшін біз басымызбен көтереміз. Отбасынан, әкесінен кешірім сұрады дәрігер. Оған тәртіптік жаза - сөзгіс жарияланды. Ол кісі 6 ай бойы ешқандай премия ала алмайды. Тек қана өзінің айлығына жұмыс істейді", - деді Нұр-Сұлтан қалалық №2 көпбейінді аурухана директорының босану жөніндегі орынбасары Ербол Әубәкіров.
Телеарна мәліметінше, қазір жас ананың денсаулығына төнген қауіп сейілген. Ақ халаттылар ішкі ағзаларына ешқандай зиян келмеген деп отыр. Ем-домын әлі жалғастыруда.
Автор: А. Данияр
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883311-elordalyk-drigerler-tiri-balany-li-tuyldy-dep-kzat-toltyryp-bergen/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.