RU

Қазақстанда өткен тәулікте 600-ге жуық адам коронавирус жұқтырған

Бетперде5
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Өткен тәулікте елімізде тағы 591 адамнан коронавирус анықталған. Олардың COVID-19-ға тапсырған ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

5 қараша коронавирус жұқтырғандар аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 34

Алматы қаласы - 30

Шымкент қаласы - 5

Ақмола облысы - 30

Ақтөбе облысы - 6

Алматы облысы - 10

Атырау облысы - 9

Шығыс Қазақстан облысы - 250

Жамбыл облысы - 4

Батыс Қазақстан облысы - 49

Қарағанды облысы - 20

Қостанай облысы - 49

Павлодар облысы - 68

Солтүстік Қазақстан облысы - 25

Түркістан облысы - 2

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 114 826.

Сонымен қатар өткен тәулікте 200 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан. Жалпы қазіргі таңда ел бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны 107 339.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны күн санап өсуде. Осыған байланысты кей өңірлерде карантин шаралары күшейтілуде.

Мәселен Қостанай облысында 9 қарашадан бастап 2 аптаға қатаң карантин енгізіледі.

Сондай-ақ 9 қарашадан бастап Павлодар облысы мен Ақмола облысында да бірқатар шектеу шаралары күшіне енеді.

Мысалы Көкшетау-Алматы, Көкшетау-Ақтау бағыттары бойынша әуе қатынасының, Көкшетау-Қызылорда бағыты бойынша теміржол тасымалының саны қысқарады.

Діни, мәдени нысандардың, театрлардың, кинотеатрлардың қызметі тоқтатылады.

Офлайн режимде кеңестер өткізуге тыйым салынады. Облыс елді мекендерінің аумағы бойынша тұрғындардың қозғалысы сағат 23:00-ден сағат 06:00-ге дейін шектеледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883333-kazakstanda-tken-tulikte-600-ge-zuyk-adam-koronavirus-zktyrgan/