"19 жыл күттім": БҚО-да бедеулікке шалдыққан әйелдің оқиғасы жұртты тебірентті
Жарияланған күні:
Батыс Қазақстан облысындағы шалғай аудандардың бірінде тұратын Алмагүл (кейіпкердің өтініші бойынша есімі өзгертілді) есімді келіншек 19 жыл бойы сәби сүйе алмаған. 16 жасында тұрмысқа шығып, 37 жасына дейін нәрестеге зар болған ол жақында өзінің аяғы ауыр екенін біледі. Қуанышын жасыра алмаған келіншек осы уақытқа дейінгі ауыртпалықтардың артта қалғанына шүкір етеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"16 жасымда тұрмыс құрдым. Әрине, әрбір әйелдің басты міндеті – жар болып, ана атану. Құдай қосып, сүйгенімді таптым. Бірақ ана болсам деген арманымды 19 жыл күттім. Дәрігерлер маған бірден ауыр диагноз қойды. Бедеулікке ұшырағанымды айтып, ең үлкен арманымның күл-талқанын шығарды. Қандай дәрігерге, қандай емшіге барсам да бәрінің жауабы бір еді. Тіпті, бірнеше рет қаралуға да мүмкіндік бермей, бірден "бала сүйе алмайсың" деп төтесінен айтты. Бірақ мен үмітімді үзбедім. Алладан сұраумен болдым",- дейді ол.
Балалы болу үшін бармаған жері, баспаған тауы қалмаған Алмагүл кейін әлеуметтік желі арқылы Ұмай Ана – Анар туралы оқиды. Талай әйелдің балалы болуына септігін тигізген емші ерлі-зайыптылардың үмітін қайта жағып, емдеуге кіріскен.
"2019 жылдың қазан айында оралдық Ұмай Ана – Анар ападан ем алдым. Сол кісінің емінен соң аяғым ауырлағанын біліп, жанымды қоярға жер таппадым. 19 жыл бойы сәби сүйсем деп шарқ ұрып, талай дәрігердің, талай емшінің алдын көрдім. Бәрі үмітіме балта шауып, бедеулікті алға тарта беретін. Анар апа дереу қабылдап, бірден ем жасауға кірісті. Наурыз айында жүкті екенімді білдім.
Аллаға шүкір, қазір тұңғышымызды күтіп отырмыз. Енді аман-есен босанып алсам деп құдайдан тілеп жүрмін. Осы орайда, талай шаңырақтың бұзылмауына себепкер болған Анар апаға алғысым шексіз. Сол кісінің шипалы алақанынан талай әйел бала сүйіп, бақытты күн кешуде", - дейді ол.
Алмагүл жиырма жылға жуық уақыт ортада сәби болмағанына қарамастан, отбасын сақтап қалуының себебін де жасырмай айтты.
"Бұл жерде жолдасыма алғыс айту керек. Ол ешқашан баланың жоқтығын айтып, бетімнен алған емес. Керісінше, өзіммен бірге қуанып, менімен бірге қайғырып, құдайдан үмітін үзген жоқ. Әрқашан қолдау көрсетіп, демеу болды.
Сол шыдам мен төзім үшін де Алла бізге сый жіберді деп ойлаймын. Ешқашан үміт үзбеу керек. Алладан сұрай беру керек. Барлық арман түбінде орындалады. Ал мен секілді талай жыл сәби сүйе алмаған әйелдерге тек қана сабырлы болып, жақсылықтан үміттеніңдер дегім келеді", - дейді ол.
Айта кетейік, осыған дейін сәби сүйе алмай қиналған оралдық келіншек жан сырын ақтарған еді.
Ал еліміздегі ақ халаттылар коронавирус пандемиясы кезінде жас отбасыларға бала сүюді жоспарламай қоя тұруға кеңес берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883391-19-zyl-kttim-bko-da-bedeulikke-syragan-jeldi-okigasy-zrtty-tebirentti/