Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлы тірідей көмген": Қабірде үш күн жатқан әйел ауруханаға түсті

Жарияланған күні:

Қабір
Фото: baq.kz

Қытайдың Шэньси провинциясында ұлы өз анасын тірідей көміп тастаған. Сот оған үкім шығарды деп хабарлайды ont.by басылымы.

Өз анасын тірідей өлтіргісі келген 58 жастағы азамат сотталды. Басылым ақпарынша, ол 79 жастағы анасын қоларбаға салып, тастанды қабірге өзі көмген. Егде жастағы әйел жоғалып кеткен соң үш күн өткеннен кейін күдіктінің әйелі полицияға хабарласқан.

Кейуана қабірде шамамен 70 сағат жатқан, ол ауруханаға жеткізілді. Болған оқиғадан кейін анасы ұлын абақтыға отырғыза ма деп уайымдаған. Алайда, қыркүйекте қария қайтыс болды.

Шэньси провинциясының соты марқұмның ұлын ұйымдасқан кісі өлтіруде кінәлі деп таныды, қытайлық азамат он екі жылға сотталды.

Айта кетейік, Американың Теннесси штаты Нашвилл қаласының полицейлері үйден үй иесін көшіруге келіп, оның мәйітін көрген. Балалары екі жыл бойы марқұмның денесіне тиіспепті.

Дэвидсон округының полиция қызметкерлері 56 жастағы Ларинда Джолидің денесін 21 қазан күні өз төсегінен тапқан. Олар үйге келіншектің Энтони есімді ағасымен келген. Ал марқұмның балалары Ларинданың 2017 жылы қайтыс болғанын айтыпты.

"Онда ештеңе жоқ. Тек сүйектері қалған", - дейді Энтони.

Джоллидің дене қалдықтары сараптамаға жіберілді. Оның өліміне не себеп болғаны әзірге жұмбақ. Бірақ, келіншекті азаптап өлтірді дегенге ешқандай дәйек жоқ.

Қазіргі уақытта төрт бала да уақытша қонақүйге жатқызылды. Әлеуметтік қызметкерлер оларға қамқоршы іздеп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883462-ly-tiridej-kmgen-kabirde-s-kn-zatkan-jel-auruhanaga-tsti/