RU

Алматы облысында санитарлық бекет қойылды

Санитарлық бекеттер
Фото: Хабар 24

Бүгіннен бастап Алматы облысында карантин шаралары күшейтілді деп хабарлайды Хабар 24.

Аймақтың ШҚО-мен шектесетін жеріне санитарлық бекет қойылды. Қоғамдық тамақтану орындарының жалпы сыйымдылығы 50 орыннан аспауы тиіс. Түнгі және компьютерлік клубтар, жабық кешендегі аттракциондар, бильярд, боулинг орталықтары секілді көңіл көтеру орындары жабылады.

Мәдени-спорттық, жанұялық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Қоғамдық көліктер таңғы 06:00 мен 10:00 және кешкі 17:00 мен 20:00 аралығында жүреді.

Аймақ тұрғындарының көпшілік орындарда бетперде тағып, үш адамнан артық топталып тұрмауы сұралады. 65-тен асқан азаматтардың көшеге шығуына шектеу қойылады. 

Айта кетейік, Шымкент қаласында карантиндік шектеу шараларының мерзімі ұзартылды. Қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың қаулысы шықты.

Тиісті құжатқа сәйкес, Шымкентте  карантин 23 қарашаға дейін ұзартылған. Қаулыда қала тұрғындары мен қонақтарына көпшілік көп жиналатын, отбасылық шараларға қатысуға тыйым салынатыны көрсетілген.

Сонымен қатар, 65 жастан асқан тұрғындардың үйден шығуы шектелді. Қызметкерлердің кем дегенде 50 пайызые қашықтан жұмыс істеуге көшіру ұсынылған. Азық-түлік, азық-түлік емес базарлар, сауда ойын-сауық орталықтары демалыс және мереке күндері жұмыс істемейді.

Оқу жылының екінші тоқсанында 1-5 сыныптарда, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін кезекші сыныптардың жұмысына рұқсат берілді. Бір сыныптағы оқушысы саны 15-тен аспауы аспауы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883494-almaty-oblysynda-sanitarlyk-beket-kojyldy/