Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда санэпидбақылау комитетінің бас маманы ұсталды

Опубликовано:

кісен1
Көрнекі фото: pixabay.com

5 қараша күні оңтүстік астанада санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы ұсталды. Ол жемқорлық жасады деген күдікке ілінген деп хабарлайды zakon.kz.

Жемқорлыққа қарсы агенттік CЭБД қызметкерін пара алды деген күдікпен қолға түсірді. Әзірге пара сомасы хабарланған жоқ. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ақпаратты растамады.

Одан бөлек, ведомство қазір маманның жұмыстан аластатылғанын мәлімдеді. Енді Наурызбай ауданы СЭБ басқармасының басшысына қатысты да шара қолданылмақ.

Айта кетейік, бүгіннен бастап Алматы облысында карантин шаралары күшейтілді.

Аймақтың ШҚО-мен шектесетін жеріне санитарлық бекет қойылды. Қоғамдық тамақтану орындарының жалпы сыйымдылығы 50 орыннан аспауы тиіс. Түнгі және компьютерлік клубтар, жабық кешендегі аттракциондар, бильярд, боулинг орталықтары секілді көңіл көтеру орындары жабылады.

Мәдени-спорттық, жанұялық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Қоғамдық көліктер таңғы 06:00 мен 10:00 және кешкі 17:00 мен 20:00 аралығында жүреді. Аймақ тұрғындарының көпшілік орындарда бетперде тағып, үш адамнан артық топталып тұрмауы сұралады. 65-тен асқан азаматтардың көшеге шығуына шектеу қойылады.

Сонымен қатар, Шымкент қаласында карантиндік шектеу шараларының мерзімі ұзартылды. Қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың қаулысы шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883495-almatyda-sanepidbakylau-komitetini-bas-mamany-staldy/

pixel