Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде коронавирус пен пневмония құрбандары көбейді

Опубликовано:

тәжвирус өлім
Көрнекі фото: today.kz

Қазақстанда өткен тәулікте тағы сегіз адамның коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғаны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Өткен тәулікте жеті адам коронавирустан, бір адам ковидтік пневмониядан көз жұмды", - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Соңғы мәліметтер бойынша, бір тәулікте Қазақстанда тағы 723 адамның коронавирус жұқтырғаны туралы жазған едік.

Ал коронавирус белгілер бар пневмония дертіне 176 адам шалдыққан.

Қазіргі уақытта елімізде қауіпті инфекция жұқтырған 6 601 адам ем қабылдауын жалғастыруда. Олардың арасында 397 бала бар.

Стационарларда 2 727 науқас жатыр. Сонымен қатар, 3 874 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 188 адамның жағдайы нашар деп бағаланған. Соның ішінде 20 науқастың хәлі аса ауыр. 28 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапары барысында Шығыс Қазақстан облысының Ситуациялық орталығына барып, өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал мәселелері жөнінде селекторлық кеңес өткізген болатын.

Үкімет басшысы ШҚО әкімдігіне коронавирус инфекциясының одан әрі таралуына жол бермеу, халыққа санитарлық талаптарды түсіндіру және олардың сақталуын бақылау, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті нығайту, медициналық мекемелерді білікті кадрлармен толықтыру үшін жағдай жасау бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883555-elimizde-koronavirus-pen-pnevmonia-krbandary-kbejdi/

pixel