Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әлемге қауіп төндіру мүмкін": Жарғанаттар тарататын тағы бір вирус пайда болды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Америка Құрама Штаттарының ғалымдары жарғанаттардан адамдарға көбірек берілетін Нипах вирусының өлімге әкеліп соғатын қаупін анықтады деп хабарлайды PNAS News.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, Нипах вирусы жыл сайын Бангладеш пен Үндістанның тығыз қоныстанған аймақтарында таралады екен.

Вирус көбінесе жануардың сілекейімен ластанған жемістерді тұтынған адамдарға жұғады.

Зерттеушілер оның симптомдары жапон энцефалиті мен безгекке ұқсайтынын анықтаған.

Олардың сөзінше, нипах вирусы адамның миын қабындырып, респираторлық ауруларды қоздырады.

Қазіргі кезде аталған қауіпті дертті емдейтін дәрі немесе вакцина жоқ. Індеттің өлім деңгейі 90 пайызға жетеді, дейді мамандар.

Олар коронавирусқа қарағанда, Нипах адамнан адамға оңай берілмейтінін атап өтті.

Алайда жарғанаттарда вирустың өзгерген қасиеттері бар штаммы болуы мүмкін деген болжам жасалып отыр.

Еске салсақ, бұған дейін біз әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 50 миллионнан асып кеткенін жазған едік.

COVID-19 вирусы көп тіркелген елдер тізімі:

  1. Америка Құрама Штаттары - 9 961 324,
  2. Үндістан - 8 507 754,
  3. Бразилия - 5 664 115,
  4. Франция - 1 835 187,
  5. Ресей - 1 760 420,
  6. Испания - 1 328 832,
  7. Аргентина - 1 242 182,
  8. Ұлыбритания - 1 195 350,
  9. Колумбия - 1 143 887,
  10. Мексика - 967 825.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883672-lemge-kauip-tndiru-mmkin-zarganattar-taratatyn-tagy-bir-virus-pajda-boldy/

pixel