RU

Владимир Зеленский коронавирус жұқтырды

Владимир Зеленский
Владимир Зеленский. Фото: Will Oliver/EPA/Bloomberg via Getty Images

Украина президенті Владимир Зеленский коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді деп хабарлайды РИА Новости.

"Әлемде COVID-19 қауіп төндірмейтін бақытты адамдар жоқ. Барлық карантиндік шараларға қарамастан менде оң нәтиже шықты. Дене қызуым 37,5, мен бәріне 36,6 тілеймін! Алайда өзімді жақсы сезінемін. Өзімді оқшаулауға уәде беремін және жұмыс істеуді жалғастырамын. Көбі COVID-19-ды еңсеріп шығады. Мен де айығамын. Бәрі жақсы болады!", – деп жазды президент Telegram арнасында.

Зеленский кеңсесінің жетекшісі Андрий Ермак та өзінің коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді.

Президенттің жұбайы Елена Зеленская шілде айында коронавирус жұқтырды. Ол амбулаториялық түрде емделіп, кейінірек пневмония жұқтырып ауруханада жатқызылды. Содан кейін Зеленский де екі апталық оқшауланудан өтті, одан да, балалардан да вирус анықталмады.

Еске салсақ, дүниежүзінде коронавирус індеті өршіп тұр. Әлемде инфекцияны жұқтырғандардың саны 50 316 476-ға жетті.

Оның 1 255 250 жағдайы өліммен аяқталған. Өткен аптада әлем бойынша анықталған 3,9 миллион науқастың жартысынан көбісі (2,1 миллион) Еуропаның тұрғындары болып табылады.

Сондай-ақ, пульмонолог-дәрігер, республикалық аймақаралық пульмонологиялық комиссияның төрағасы Константин Гаркалов Facebook-тегі Медициналық сақтандыру қорының парақшасында коронавирустың екінші толқыны қандай болатынына болжам жасаған еді.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/1883795-vladimir-zelenskij-koronavirus-zktyrdy/