RU

Мемлекет басшысы Зеленскийге тезірек сауығып кетуін тіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Бұған дейін Украина президенті коронавирус жұқтырғанын мәлімдеген еді. Қасым-Жомарт Тоқаев әріптесіне тезірек жазылып кетуін тіледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twіtter-дегі парақшасында жазды.

"Украина Президенті Владимир Зеленскийдің COVID-19 індетінен тезірек сауығып кетуін тілеймін. Қазақстан мен Украина коронавирус пандемиясына қарсы күрес бойынша тәжірибе алмасады және біз барлық әлемдік қоғамдастықпен бірлесіп қауіпті індетті жеңеміз", – делінген Қазақстан президентінің әлеуметтік желідегі жазбасында.

Еске салсақ, Зеленский кеңсесінің жетекшісі Андрий Ермак та өзінің коронавирус жұқтырғанын мәлімдеген болатын. Президенттің жұбайы Елена Зеленская шілде айында коронавирус жұқтырған болатын.

Сонымен қатар, дүниежүзінде коронавирус індеті өршіп тұр. Әлемде инфекцияны жұқтырғандардың саны 50 316 476-ға жетті.

Оның 1 255 250 жағдайы өліммен аяқталған. Өткен аптада әлем бойынша анықталған 3,9 миллион науқастың жартысынан көбісі (2,1 миллион) Еуропаның тұрғындары болып табылады.

Сондай-ақ, пульмонолог-дәрігер, республикалық аймақаралық пульмонологиялық комиссияның төрағасы Константин Гаркалов Facebook-тегі Медициналық сақтандыру қорының парақшасында коронавирустың екінші толқыны қандай болатынына болжам жасаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883801-kazakstan-prezidenti-zelenskijge-tezirek-sauygyp-ketuin-tiledi/