Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір түнде 5-6 рет болуы керек": Сынықшы ерлердің әлсіздігін айтып, дабыл қақты

Опубликовано:

еркек
Көрнекі фото: pexels.com

Белгілі сынықшы Ерлан Төреев ер адамдардағы простатит ауруының тым жасарып кеткенін айтып, дабыл қақты. Маманның айтуынша, оның алдына күніне он шақты ер адам осы диагнозбен келеді. Сондай-ақ, простатитке ұшырағандар арасында 15 жасар ұлдар да бар деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Күніне он шақты адамды тап осы простатит бойынша қабылдаймын. Ең қорқыныштысы – 15 жасар жасөспірімдердің өзі осы дертке шалдығып жатыр. Бұл бей-жай қарайтын нәрсе емес. Жыныстық аурулардың өршуі еркектің денсаулығын құртады. Құйымшаққа салқын тиіп, зақымданса, жұлын мен нерв қысылады. Содан соң барлық бәле басталады. Табаннан суық өткеннің өзі жыныс мүшелері зақымдануы үшін жетіп жатыр. Простатит ұлғайған сайын ер адамдардың кіші дәретке шыға алмай қалуы жиі кездеседі. Ал елуден асқанда бұл нағыз дертке айналады. Простатит безі одан әрі ісінсе, еркектің қуаты қалмады деп ойлай беріңіз. Оның арты рак ауруына айналады", - дейді маман.

Ерлан Төреев ел арасында сынықшылық қасиетімен танылған. Ол өз әулетіндегі сынықшылардың ішінде тоғызыншы буын саналады. Бүгінде ол Алматыдағы "Аламан" емдеу орталығында ем жүргізуде.

"Дені сау еркек бір түнде бес-алты рет жыныстық қатынасқа түсуге жарамды. Өкінішке қарай, простатит және өзге де жыныс аурулары мұны шектейді. Біз өз менталитетімізге сай жайбасарлыққа салынып, дертімізді дер кезінде емдей алмаймыз. Соның салдарынан түрлі ауруға шалдығып, ең соңында төсекке де жарамсыз болып қаламыз. Бұлай болмайды, жігіттер. Простатитті дер кезінде емдеп, омыртқа ауруларының да алдын алыңдар", - дейді сынықшы Ерлан Төреев.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында сәби сүйе алмай жүрген жанұяларға көмек көрсету қажет екенін айтқан болатын.

Осыдан соң Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі белсіздік пен бедеулікке шалдыққан жұптардың ұлттық бірыңғай регистрін дайындап жатқанын хабардар еткенбіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883898-bir-tnde-bes-alty-ret-boluy-kerek-synyksy-erlerdi-lsizdigin-ajtyp-dabyl-kakty/

pixel