Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәби сүйе алмай жүрген жанұяларға қандай көмек көрсетілетіні белгілі болды

Опубликовано:

Нәресте
Көрнекі фото: segodnya.ua

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында сәби сүйе алмай жүрген жанұяларға қандай көмек көрсетілетінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мемлекет басшысы еліміздегі әрбір алтыншы жанұя сәби сүйе алмайтынын атап өтті.

"Отбасы-демографиялық жағдай алаңдатып отыр. Өкінішке қарай, Қазақстанда әрбір алтыншы отбасы сәби сүйе алмайды. Әлеуметтік сауалнаманың көрсеткішіне сәйкес, қазақстандықтардың 20 пайызға жуығы бұны ажырасудың айтарлықтай себебі деп есептейді.
БҰҰ-ның Орталық Азиядағы көршілерімізбен салыстырғанда Қазақстан халқының өсіміне болжамы көңіл көншітерлік емес. Үкіметке 2021 жылдан бастап "Аңсаған сәби" арнайы бағдарламасын бастауды тапсырамын. ЭКО бағдарламалары арқылы квота санын жеті мыңға дейін, яғни жеті есе көбейту керек", - деді Президент жолдауында.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында мемлекеттік қызмет жүйесін қайта қалыпқа келтіру қажеттілігін атап өтті.

Ол коронавирус пандемиясы мен мемлекеттік орган қызметкерлерінің қашықтан жұмыс істеу форматына көшуі мемлекеттік аппаратты қысқартуға болатынын және бұл жүзеге асуы тиіс екенін айтты. Осыған байланысты, мемлекет басшысы квазимемлекеттіксектор қызметкерлері мен мемлекеттік орган штатын қысқартуды тапсырды.

"Бұл жылы 10 пайызға, 15 пайызға қысқартуды тапсырамын",- деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871984-sbi-sje-almaj-zrgen-zanalarga-kandaj-kmek-krsetiletini-belgili-boldy/

pixel