Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көрсең - айт": Шыңғыс Мұқан ұстаздардан ақша жинайтын мектеп басшылығын сынады

Опубликовано:

Мектеп
Көрнекі фото: zakon.kz

Шымкенттегі №125 мектептің бірқатар мұғалімі мектеп басшылығының ақша жинайтынын айтып, шағым түсірген. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан өз Facebook парақшасында жазды.

Әкім орынбасарының сөзінше, қазір білім басқармасы шағым бойынша комиссия құрып, тексеріп жатыр.

"Алдын ала мәлімет бойынша, осыдан үш жыл бұрын мектеп ашылған кезде мектеп ұжымы ақша жинап, мектепке перде сатып алған екен. Одан басқа да шағымдарын тексертіп жатырмыз. Айыптылар жазаланады. Нәтижесі шыққан соң, қосымша хабарлаймын.

Мұндай жағдайдың болғаны жақсы емес, әрине. Бірақ бұл жағдайдың іште қалмай, сыртқа шыққаны жақсы болды. Мектеп директорларының шалыс басқан кез келген қадамы жағдайды түзеуге берілген мүмкіндік. Жаман да болса үйренетін жақсы кейс.

Мектептерде ата-аналар мен мұғалімдерден ақша жиналмайды. Әкімдік білім саласын толық қаржыландырып отыр. Биылдан бастап Шымкенттің мектептері жан басына қаржыландыру моделіне өтті. Мектеп басшылығы қаржыны дұрыс жоспарлауға тиіс және заң шеңберінде жұмыс істеуге тиіс", - деп жазды ол.

Шыңғыс Мұқан мектептерде ақша жинау секілді заңсыз әрекеттерді көрген жағдайда жасырмай айтуды сұрады.

Айта кетейік, Алматыдан небәрі 20 шақырым қашықтықта орналасқан Жаңадәуір ауылының тұрғындары шенеуніктердің әрекетсіздігіне шағымдануда. Олар балаларының интернет іздеп, далада оқуға мәжбүр болып отырғанын жеткізіп, дабыл қақты.

Ал Қызылорда облысында барлық пәннен беретін жалғыз мұғалімі бар мектеп жұмыс істеп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883926-krse---ajt-sygys-mkan-stazdardan-aksa-zinajtyn-mektep-bassylygyn-synady/

pixel