Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

58 мың теңге: Алматы супермаркетіндегі қарбыздың бағасы жұртты шошытты

Опубликовано:

Алматы супермаркетіндегі қарбыз бағасы
Фото: facebook.com/Александр Цой

Алматының жоғарғы бөлігінде орналасқан сауда үйінде қарбыздың бір данасы 58500 теңгеге сатылып жатыр. Испаниядан әкелінген жемістің бағасын көрген әлеуметтік желі қолданушылары таңданыстарын жасырмады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Facebook-те қызу талқыланып жатқан қарбыздың фотосын блогер Александр Цой жүктеді.

Қарбыздың бағасын көрген желідегілер оған сенер-сенбесін білмей, түрлі пікірлерін қарша боратты.

"Осы қарбызды сатып алуға баратын адам маған ақшасын бере салса, жарты жыл бойы оны мадақтап жүремін", - деп жазады желі қолданушысы.

"Бағасына қарағанда жай қарбыз емес алтын қарбыз болып тұр ғой. Адамдар қарбызға бола сонша ақшасын қия ма екен?", - дейді тағы бірі.

Супермаркеттің жеткізу қызметі испандық қарбыздың бір келісі 7500 теңге тұратынын растады.

Осы орайда KAZ.NUR.KZ тілшісі отандық диқандардың қарбызды қайда, қалай өткізетіндігін сұрап білді.

Оңтүстікте шаруалардың көпшілігі қарбыз-қауынның жазда ерте пісетін сортынан пайда көретінін айтады.

Түркістан облысында диқаншылықпен айналысатын Совет Мусаев есімді жігіт қарбызды ерте көктемде егіп, мамыр айының соңында Ресейге өткізеді екен.

"Мен қарбызды биыл мамырдың соңында бір келісін 210 теңгеден Ресейдің Новосібір қаласына өткіздім", - дейді диқан.

Диқанның айтуынша, қазан айында Түркістан облысында қарбыздың келісі 80-100 теңге аралығында сатылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884055-58-my-tege-almaty-supermarketindegi-karbyzdy-bagasy-zrtty-sosytty/

pixel