Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы үш күнде еліміздің қай өңірлерінде жауын-шашын күтіледі

Опубликовано:

Жауын
Көрнекі фото: wallpapertip.com

Алдағы үш күнде Қазақстаннның барлық аумағында жауын-шашын болады. Қазгидромет 12-14 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

12-14 қараша күндері еліміздің басым бөлігі Солтүстік циклонның ықпалында болады. Оның бұлтты алқаптары қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын әкеледі деп болжануда.

Әсіресе Қазақстанның оңтүстік және шығыс бөліктерінде кей жерлерде қатты жауын-шашын болады. Кей өңірлерде тұман, көктайғақ, солтүстік өңірлерде бұрқасынның пайда болуына әкелетін екпінді жел күтіледі.

Одан бөлек, синоптиктер бүгін 11 қарашада Нұр-Сұлтан, Шымкент және Балқаш қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілетінін болжап отыр.

Еске салсақ, бұған дейін біз ШҚО-да дауылды жел үйлердің шатырын жұлып әкеткенін жазған едік. Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі 9 қараша күні облыстың Уланск және Зайсан аудандарында қатты жел соғатынын алдын ала болжаған. Нәтижесінде дауылды желден Шығыс Қазақстанның екі бірдей аймағы зардап шеккені белгілі болды.

Одан бөлек, синоптиктер 2020 жылдың қарашасынан 2021 жылдың наурызына дейінгі аралықта елімізде ауа райы қандай болатынын болжаған еді.

Мамандардың болжамынша, айдың бірінші жартысында еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында салқын ауа райы болады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884089-aldagy-s-knde-elimizdi-kaj-irlerinde-zauyn-sasyn-ktiledi/

pixel