Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да танысқан қызбен киноға барғысы келген зейнеткер ақшасынан айырылып қалды

Опубликовано:

Телефон
Көрнекі фото: piqsels.com

Петропавл 65 жастағы тұрғыны желі арқылы бойжеткенмен танысып, ақшасынан айырылды. Алаяқтар оның картасындағы барлық ақшаны аударып алған деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның хабарлауынша, ер адам танысу сайттарының бірінде өзі туралы ақпарат қалдырған. Кейінірек, ол бір қызбен тіл табысып, олар хат-хабар алмаса бастаған.

Бір кезде жаңа танысы кинотеатрға баруға ұсыныс жасайды, сөйтіп зейнеткерге кинотеатр сайтының сілтемесін жібереді. Бойжеткен сайт арқылы киноның сеансы мен залдың уақытын брондау қажет екенін түсіндірген.

Ал сайт банктік деректемелерді енгізуді сұраған, сөйтіп ер адам бар керекті деректерді көрсеткен. Біраз уақыттан кейін зейнеткердің телефонына коды бар хабарлама келген, содан "кинотеатр операторы" ер адамнан келген кодты жазып жіберу керек екенін айтқан.

Зейнеткер бұл алаяқтардың әрекеті екенін түсінгенге дейін оның банктік картасынан 100 мың теңгеден астам қаражат жоғалып кеткен.

Полиция түсіндіргендей, алаяқтар "жеке тұлғаларға арналған интернет-банкинг" және "SMS-парольдерді жеткізу" қызметтері арқылы бір шоттан екінші шотқа ақша аударған.

Еске салсақ, бүгінде халықты интернет арқылы алдайтын алаяқтар көбейді. Ішкі істер министрілігі осы алаяқтықтың кеңінен таралған түрлері туралы ақпарат таратқан болатын.

Сондай-ақ Алматы облысының полицейлері алаяқтықтың алты фактісіне қатысы бар әйелді ұстағаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884127-sko-da-tanyskan-kyzben-kinoga-bargysy-kelgen-zejnetker-aksasynan-ajyrylyp-kaldy/

pixel