Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар коронавирусты қай елдерден әкеліп жатыр

Опубликовано:

ПТР тестілеу ковид1
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қазақстандықтар коронавирусты қай елдерден әкеліп жатқанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ерлан Қиясовтың айтуынша, көрші елдерден әкелінген КВИ жағдайларына байланысты Қазақстан Мемлекеттік шекарасында шаралар күшейтілді.

"6 қазаннан бастап 196 000 адам шекараны автомобиль өткізу пункттері арқылы кесіп өтті, олардың 364-інде оң нәтиже анықталды (соңғы аптада - 98 жағдай). Халықаралық авиарейстермен 69 953 жолаушы келді, 8 827 адам тестіленді, оң нәтижемен – 48 адам анықталды,. Олардың ішінде Түркия, Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктер, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясынан келген азаматтар",- деді ол.

Бас санитар дәрігердің сөзінше, 2021 жылғы 1 мамырға дейін 57 елдің азаматтары үшін визасыз режимді тоқтата тұру ұзартылған. 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін ҚХР мен Үндістаннан келетін транзиттік жолаушылардың Қазақстан аумағында 72 сағаттық визасыз жүруі тоқтатылды. Қазақстан аумағына келген барлық адамдарда ПТР әдісімен тестілеудің теріс нәтижесі туралы анықтама болуы тиіс.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінде жаңажылдық іс-шаралар мәселесі қарастырылып жатыр. Оның өту-өтпеуі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ.

"Қандай да бір жаңажылдық шараларды өткізу мен олардың форматтары эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Қазір көріп отырғанымыздай, көптеген шара онлайн, санитарлық нормаларды қатаң сақтау арқылы өтіп жатыр",- деді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Соған қарағанда қалада жаппай мерекелік шаралар шектеулермен өтуі немесе мүлде өтпеуі мүмкін. Әкімдік нақты жауапты кейінірек ұсынуға уәде берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884433-kazakstandyktar-koronavirusty-kaj-elderden-kelip-zatyr/

pixel