Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында жол апатынан емізулі бала мен тағы екі адам көз жұмды

Опубликовано:

Жол апаты
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында жол апаты салдарынан үш адам көз жұмды, оның ішінде емізулі бала бар деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғасы 12 қараша күні шамамен таңғы сағат 9.00-де Алматы-Ташкент-Термез автожолының 725 шақырымында болған.

"Daewoo Nexia" автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, металл бағанаға соғылып, жол шетіне аударылған.

Оқиға орнында жүргізушінің үш туысы, соның ішінде нәресте көз жұмған.

Жүргізушінің өзі және тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Бұл жайтты полиция қызметкерлері Төле би АПБ-нің СДТБТ-не тіркеген.

Қазіргі таңда Түркістан облысының полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде. Сараптама тағайындалған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Еске салсақ, бұған дейін Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті жүргізушілерді жолда сақтық шараларын сақтауға шақырған еді.

Атап айтқанда көлік құралдарының қысқы кезеңге дайындығын тексеру, шиналарын ауыстыру, құтқару қызметінің ескерту хабарламаларына назар аудару, қозғалыс кезінде қашықтықты сақтау және өзге де басқа шаралар.

Себебі елімізде соңғы күндері ауа райының нашарлауына байланысты 49 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 9 адам қайтыс болған, 53 адам дене жарақатын алған.

Мәселен 12 қарашада оңтүстік астанада 39 жол апаты болған. Қала жолдарындағы жағдай ауа райына байланысты нашарлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1884560-trkistan-oblysynda-zol-apatynan-s-adam-kz-zmdy/

pixel