RU

Павлодарда төрт адам блок-бекеттен заңсыз өтпек болған (видео)

Фото
Фото: instagram.com/tipavlo

Әлеуметтік желілерде Павлодар облысындағы блок-бекетке қатысты видео пайда болды. Онда жазба авторы бақылау-өткізу пунктінде тұрғанына 8 сағат болғанын, құжаттарын алып кеткенін айтады. Бұған қатысты пікір білдірген облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жолаушылар заңсыз өтуге тырысқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бақылау пунктінен түсірілген видео Instagram-дағы топтардың бірінде жарияланған. Кадрдан жазба авторының трассада 8 сағат бойы тұрғанын, құжаттарын күтуде екенін хабардар етеді. Олар бұнда Павлодардан шығып кету үшін келгендерін жеткізген.

Сонымен қатар жазба авторы жеке куәліктерін тұрғылықты мекенжайын тексеру үшін алып кеткендерін айтады.

Бірнеше сағаттан кейін ер адам тағы бір видео жариялады. Бұл жолы оларға полиция қызметкері келіп, жеке мәліметтерді анықтай бастағанын көруге болады.

Бұл жайтқа қатысты облыстық полиция департаменті пікір білдірді. Ведомство мәлімдемесінде төрт адамның бақылау-өткізу пунктінен заңсыз өтпек болғаны айтылды.

Көлік оқиға орнына 12 қараша күні кешкісін жеткен. Бірақ блок-бекет қызметкерлері оларды өткізуден бас тартқан, өйткені үшеуі Павлодар қаласының тұрғындары, оларға қаладан шығуға ешкім рұқсат бермеген екен.

"Осыдан кейін жүргізуші жеке куәліктерін, көлік құжаттарын қалдырып, көлікке отырып, лезде бұрылып, кері қалаға қайтты. Кейінірек ер адамның көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды, сондықтан ол жазадан қорқып, осындай қадамға барған. Дегенмен кейін көліктің ақыр соңында Павлодардан шыққаны анықталды. Бәлкім соқпақ жолмен", - дейді полицияның баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары жүргізушілермен болған әңгіме видеотаспаға жазылғанын жеткізген. Оқиғаға медицина қызметкерінің куә болғаны да айтылды.

Нәтижесінде бақылау-өткізу пунктінен заңсыз өткені үшін павлодарлық тұрғынға қатысты хаттама толтырылған.

Сондай-ақ ер адамға жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізгені үшін әкімшілік іс қозғалған.

Айта кетейік, коронавирусқа байланысты Павлодар облысы "қызыл аймаққа"енген.

9 қарашадан бастап өңірде бірқатар шектеу шарасы күшіне енеді.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/1884561-pavlodarda-trt-adam-blok-beketti-bzyp-tpek-boldy-video/