Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Италияда эпидемиологиялық жағдай қайта ушықты

Опубликовано:

вируссс
Көрнекі фото: www.rbc.ru

Індеттің бірінші толқынының ауыр зардабын тартқан Италияда эпидемиологиялық жағдай қайта ушығып тұр деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Соңғы бір тәулікте елде коронавирус жұқтырған 38 мың адам анықталып, 636 науқас қайтыс болған.

Ауруханалар толып кеткендіктен дәрігерлер де дабыл қағып отыр. Мәселен, Неаполь қаласы маңындағы ауруханада жедел жәрдем көліктері науқастарды тапсыру үшін ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр.

Мамандар коронавирус жұқтырғандар санының күрт артуын жаппай тесттен өткізумен байланыстырып отыр.

Сондай-ақ жергілікті халық та сақтық шараларына немқұрайлы қарайтын көрінеді.

Сонымен қатар Бельгия астанасы Брюссель қаласында дәрігерлер наразылық шеруге шығып, жалақысын көтеруді талап етті. Біраз маман коронавирус жұқтырып, қатардан шыққан.

Ал ауруханаларда олардың орнын басатын адам жоқ. Сондықтан індетпен күресіп жатқан дәрігерлер мен медбикелерге түскен қысым артып, жұмысы көбейген.

Елдегі жағдайға келсек, Қазақстанда коронавирус инфекциясы таралған "қызыл" аймаққа Батыс Қазақстан және Қостанай облыстары да кірді.

Оған қоса, өткен тәуліктегі жағдай бойынша елімізде тағы 638 адамнан COVID-19 анықталған. Қазіргі таңда Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 119 129-ға жетті.

Айта кеткен жөн, елімізде коронавирус індетіне қарсы әзірленіп жатқан вакцинаның болжамды бағасы да белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1884577-italiada-epidemiologialyk-zagdaj-kajta-usykty/

pixel