Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда 15 жастағы қыз тұрмысқа шықты: Оқиғаға қатысты тың деректер пайда болды

Опубликовано:

Фото
Фото: instagram.com/police_department_of_burlin

Әке-шешесін ескертпей, тұрмысқа шығып кеткен 15 жастағы қыз бала бүкіл оралдық тәртіп сақшыларды аяғынан тік тұрғызыпты. Күздің алғашқы айында тіркелген оқиғаның бүге-шігесін полиция қызметкерлері кеше ашып айтқан деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, 15 жастағы мектеп оқушысы қыркүйектің ортасында жоғалып кеткен.

Анасы іздеу салып, полицияға жүгініпті. Cоның нәтижесінде құқық қорғау қызметкерлері, кәмелет жасына толмаған қыз баланың, дәстүрлі емес діни ағымдағы ер адамға күйеуге тигенін анықтаған. Оның жасының 29-да екені де айтылды.

Деректерге көз жүгіртсек, "16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болды", деген іс қозғалған. Алайда, оның тоқтап қалуы ықтимал, дейді телеарна тілшісі. Себебі, жасөспірімнің анасы арызды қайтарып алған.

"Анасы 15 жастағы қызын сот-медициналық сараптамадан, өзге де биологиялық тексерулерден өткізуден түбегейлі бас тартып отыр. Жалпы медициналық тексерістен өткізуге қарсылық танытты. Қызы төсек қарым-қатынасында болған жоқпын дейді. Ал ер адам керісінше болдым дейді", - дейді облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

Автор: Е. Карин

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Батыс Қазақстан облысында 15 жастағы қыз баланың тұрмысқа шыққанын, неке мешіт қызметкерлері, имамдар және кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдерінің қатысуынсыз қиылғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884658-oralda-15-zastagy-kyz-trmyska-sykty-okigaga-katysty-ty-derekter-pajda-boldy/

pixel