Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

BI Group Шымкенттегі алғашқы Тamerlan Residence тұрғын үй кешенін тапсырды

Опубликовано:

BI Group
Фото: BI Group

BI Group Қазақстаның бірнеше өңірінде ауқымды және айтулы сәулет нысандарын салып, ең батыл идеяларды іске асырып келеді. Бүгінде еліміздегі беделді құрылыс компаниясы Шымкенттегі алғашқы Tamerlan Residence тұрғын үй кешенін тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бизнес санаттағы тұрғын үй кешенінің құрылысы 2019 жылы басталған. Сол кезде BI Group еліміздің үшінші мегаполисі атанған Шымкент нарығына алғаш рет шыққанын жариялаған еді.

Шымқаланың қарқынды дамып келе жатқан орталығында орналасқан Тamerlan Residence-тің бірінші кезегі 12 және 16 қабатты төрт блоктан тұрады. Мұнда барлығы 197 пәтер бар.

Тәулік бойы бейнебақылау, "көліксіз аула", тыныш аумақ – мұның бәрі пәтер иелерінің қолайлы және жайлы өмір сүруі үшін қарастырылған.

BI Group
Фото: BI Group

Автокөлік иелері үшін жүздеген орынға арналған екі деңгейлі жерасты паркингі, сондай-ақ қонақтарға арналған тұрақ бар.

Сонымен бірге, кешенде серуендеу жолдары, спорт және ойын алаңшалары да салынған.

Айта кетерлігі, шырайлы Шымкенттің ауа райы жоғары температурамен ерекшеленеді. Сондықтан Tamerlan Residence-те көлеңкесімен сая болатын ағаштар отырғызылған.

"Шымкенттің жылжымайтын мүлік нарығы Нұр-Сұлтан мен Алматыдан айтарлықтай ерекшеленеді. Оның бірегейлігі – қала халқының шамамен 80%-ы жер үйде тұрғанды жөн көретіндігінде. Соңғы 2 жыл ішінде біз қала тұрғындарына көппәтерлі үйлерді ұсынып, олардың тұрғын үй кешеніyе деген қызығушылығын оята алдық.
BI Group
Фото: BI Group

Шымкенттіктер туыстық байланысты өте жоғары бағалайды, бірнеше ұрпақпен бір шаңырақ астында өмір сүргенді жөн көреді. Сондықтан оларға үлкен шаршы метрлі үй қажет. Ауа-райы мен жаздың ұзақтығын ескере отырып, жоба инженерлерімен пәтерлерді кондиционерлеу жүйесін егжей-тегжейлі пысықтаудамыз.

"Коммерциялық жылжымайтын мүлікті жобалау кезінде жазғы террассаларға арналған орындар қарастырылды. BI Group Шымкентте жылжымайтын мүлік нарығының дамитынына сенеді. Біз қаладағы көпқабатты үйлер санын арттырып, осы аймақта жетекші орынға ие боламыз", - дейді компанияның бизнесті дамыту жөніндегі директоры Расул Мұстафин.

Ал жоба жетекшісі Ерлан Супеновтың пікірінше, Tamerlan Residencе-тің фасады мен дизайны да ерекше.

BI Group
Фото: BI Group
"Әрлеу жұмыстарына табиғи материалдың үш түрі қолданылды: травертин, клинкер және гранит. Гранитті орнату кезінде біз тегіс және жылтыр фасадқа қол жеткіздік. Тарихи мотивтер сарайдың қақпасына ұқсайтын тұрғын үй кешенінің логотипіне енеді", - дейді ол.

Тұрғын үй кешенінің Tamerlan Residence деп аталуы бекер емес. Оның тұжырымдамасы – өткен мен бүгіннің тоғысуын білдіреді.

Холлда ілінген жауынгерлер бейнесі, ат үстіндегі шабандоздарды суреттеген паркингтегі көркем композиция Әмір Темір тақырыбына сілтеме жасайды.

Терең тарихымыздан сыр шертетін ғажайып тұрғын үй кешенін пәтер сатып алған шымкенттіктердің көңіл күйі де тамаша. BI Group компаниясына сенім артқан олар таңдаудан қателеспегеніне аса қуанышты.

Паркинг
Фото: BI Group
"Зейнетке шыққан соң, балаларыммен бірге қаладағы зәулім үйде тұруды қаладым. BI Group тұрғызған керемет кешеннің алғашқы сатып алушыларының бірі болып жатырмыз. Үш бөлмелі үйімізді бүгін көріп, ішкі, сыртқы құрылысына көңіліміз толып, қуанып қалдық. Қуанышымыз ұзағынан болсын! Өзгелерге де жұғысты болсын дейміз. Қаламыз көркейе берсін", - дейді үш бөлмелі пәтердің иесі атанған Роза Мұхамеджанова.

Ең бастысы, Tamerlan Residence тұрғындары дамыған жол желісінің арқасында көлікпен мегаполистің кез-келген нүктесіне жету оңай.

Кешенге жақын жерде дендосаябақ, драма театр, Назарбаев Зияткерлік мектебі, №3 аурухана, Рахима плаза мен Метро сауда орталығы сынды нысандар орналасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884683-bi-group-symkenttegi-algasky-tamerlan-residence-trgyn-j-kesenin-tapsyrdy/

pixel