Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы полициясы қонақүйден жеті жезөкшені анықтады (фото)

Опубликовано:

Жезөкшелер
Видеодан кадр: polisia.kz

Алматы тәртіп сақшылары өткен түні рейд өткізіп, Наурызбай ауданы Райымбек даңғылында орналасқан қонақүйде қызмет көрсетететін жезөкшелерді анықтады деп хабарлайды polisia.kz сайты.

Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков тәртіп сақшылары қонақүйде жеті жезөкшені ұстағанын хабарлады. Сондай-ақ, бұл кәсіпте маңызды рөл атқарған кешен әкімшісі де қолға түсті. Айта кеткен жөн, жеті жезөкшенің бірі Өзбекстан азаматшасы болып шыққан.Ол Қазақстанда заңсыз жүрген.

Алдағы уақытта сот шешімі бойынша оны елден шығару мәселесі қарастырылып жатыр. Ұсталғандардың барлығы полицияға жеткізілді және құқықбұзушылыққа қатысы бар-жоғын анықтады.

"Шаралар мекемені ғимаратты интим-қызметтер көрсетуге арналған притонға айналдырған қонақ үй басшылығына қатысты да қабылданды",- деді Берік Әбілбеков.

Айта кетейік, жақында Атырауда ақшаға интим-қызмет көрсеткен ақтөбелік екі трансвестит жігіт ұсталды.

Тәртіп сақшылары Қазақстанда 14 қарашаға дейін ұйымдастырылатын "STOP-трафик" жедел алдын алу шаралары аясындағы кезекті нәтижелермен бөлісті. 11 қараша күні учаскелік инспекторлар 25 жастан 29 жасқа дейінгі 13 жезөкшені анықтады.

Олар Атырауға Қызылорда, Ақтау, Шымкент сынды түрлі қалалардан келген. Өз қызметтерімен айналысу үшін "түнгі көбелектер" Махамбет көшесінен, Азаттық даңғылынан және "Привокзальный", "Алмагүл" ықшамауданынан пәтер жалдаған.

Одан бөлек, өткен түнде полицейлер сексуалды сипаттағы қызметтер көрсеткен ақтөбелік екі трансвестит жігітті қолға түсірді. Интим-қызмет көрсету саласының барлық өкіліне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы (қоғамдық орындарда тиісу) бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884693-almaty-policiasy-konakjden-zeti-zezkseni-anyktady-foto/

pixel