Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы полицейлері арнайы операция өткізді (фото)

Опубликовано:

Қару-жарақ
Фото: polisia.kz

Алматылық полицейлер арнайы операция барысында қару-жарақ өңдейтін жасырын цехтің жұмысын әшкереледі деп хабарлайды Polisia.kz.

"Арнайы операция барысында Алматы қаласы Медеу ауданының екі тұрғыны ұсталып, олардың тұрғылықты мекен-жайлары бойынша ірі көлемдегі түрлі үлгідегі атыс қарулары, оқ-дәрілер және қаруларды қайта өңдеуге арналған құрылғылар тәркіленді. Бұл факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-тармағы (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.

Барлық қару -жарақ арнайы баллистикалық сараптамаға жіберілді,” – деп мәлімдеді Алматы қаласының ПД бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Сондай-ақ, сараптама нәтижелері бойынша аталған қару-жарақтың қандай мақсатта қайта өңделгендігі белгілі болады.

Айта кетейік, Алматы тәртіп сақшылары өткен түні рейд өткізіп, Наурызбай ауданы Райымбек даңғылында орналасқан қонақүйде қызмет көрсетететін жезөкшелерді анықтады.

Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков тәртіп сақшылары қонақүйде жеті жезөкшені ұстағанын хабарлады. Сондай-ақ, бұл кәсіпте маңызды рөл атқарған кешен әкімшісі де қолға түсті.

Айта кеткен жөн, жеті жезөкшенің бірі Өзбекстан азаматшасы болып шыққан. Ол Қазақстанда заңсыз жүрген. Алдағы уақытта сот шешімі бойынша оны елден шығару мәселесі қарастырылып жатыр. Ұсталғандардың барлығы полицияға жеткізілді және құқықбұзушылыққа қатысы бар-жоғын анықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884694-almaty-policejleri-arnajy-operacia-tkizdi-foto/

pixel