Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Жарияланған күні:

Жол-көлік1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі жолдарда сақтық шараларын қабылдау қажеттілігі туралы ескертеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің хабарлауынша, қыс мезгілінде орын алатын жол-көлік оқиғаларының басты себептері – жүргізушілердің жылдамдық режимін, көлік құралдары арасындағы қашықтықты сақтамауы болып табылады.

Сол себепті, ведомство өкілдері ауа райы бұзылған кезде жол қозғалысының барлық қатысушылары барынша сақ болып, көлік иелері дөңгелектерін уақтылы ауыстыруы керек екенін ескертті.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары бірқатар өңірлердің тұрғындарына алыс жолдарға автокөлікпен шығудан бас тартуды және ауа райы мен жолдардың жай-күйі туралы смс-хабарламаларда көрсетілген ұсыныстарды орындауды талап етеді.

Мәселен, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында ауа температурасы төмендейді, түнде бұл өңірлерде -10 градус аяз, кейбір жерлерде бұрқасын болады. Бірқатар өңірлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтілуде.

Ішкі істер министрлігі жүргізушілерді жолда жаяу жүргіншілерді көрген кезде ерекше сақ болуға шақырады. Жолда қиын жағдайға тап болған жол қозғалысының барлық қатысушылары тәулік бойы ішкі істер органдарының бөлімшелеріне жүгіне алады.

Биылғы жылдың қараша айының басынан бастап республика аумағында 352 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, олардың салдарынан 80 адам қаза тауып, 395 адам түрлі дәрежедегі жарақаттар алған.

Еске сала кетейік, Алматыда жол талғамайтын көлік аялдамаға соғылып, жер асты өткеліне ұшып кеткен болатын. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі жол апатының мән-жайын айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884709-iski-ister-ministrligi-kazakstandyktarga-ndeu-zasady/