Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хромтауда газ баллоны жарылып, 9 адам зардап шекті (фото)

Опубликовано:

Хромтауда газ баллоны жарылған үй
Оқиға орны. Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгін, 15 қарашада Ақтөбе облысындағы Хромтау қаласында бір қабатты үйден өрт шығып, салдарынан газ баллоны жарылған. Төтенше жағдай нәтижесінде тоғыз адам жарақат алды. Олардың үшеуі балалар болып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлиге сілтеме жасап.

Анықталғандай, жалын шарпыған үйді құтқаруға 10 өртсөндіруші мен екі арнайы техника атсалысқан.

Өртсөндірушілердің көлігі жарылыс орын алған үйдің қасында тұр
Оқиға орны. Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Өрт жалпы 90 шаршы метр жерді шарпыған. Жарылыс салдарынан үйдің қабырғалары құлап қалған.

Оқиға орнында бірден өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды. Қабылданған шаралар нәтижесінде сағат 12.29-да өрт толықтай сөндірілді.

Жарылыс болған үй
Оқиға орны. Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Ведомство өкілінің мәлімдеуінше, жарылыс салдарынан жарақат алып, ауруханаға барлығы 9 адам жеткізілді. Оның ішінде 3 бала зардап шеккені белгілі болды. Олар 6 мен 7 жастағы жасөспірімдер мен жаңа туған сәби болып шықты. Балалар күйік алмаған.

Олар қазір Хромтау қаласы орталық ауруханасына дәрігерлерінің  қарауында.

Еске сала кетейік, 8 қараша күні кешкісін Алматының тау бөктерінде өрт шығып, оны сөндіруге отыздан астам маман жұмылдырылды. Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, өрт сөндірушілер Медеу ауданының "Бұлақ" саяжай серіктестігі маңына жеткен. Олар тілсіз жауды түнгі 21:00 шамасында ауыздықтады.

Сонымен қатар, бұған дейін Таразда өрттен бір отбасының үш мүшесі қайтыс болғанын хабарладық.

Құтқарушылардың дерегіне сүйенсек, қаза тапқандар 84, 60 және 40 жастағы тұрғындар екен. Алдын ала болжам бойынша зейнеткер мен баласы өрт кезінде ауаға бөлінген газға уланып қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884735-hromtauda-gaz-ballony-zarylyp-9-adam-zardap-sekti-foto/

pixel