Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көшеде маскасыз жүргендерді суретке түсіріп, айыппұл салатыны рас па

Опубликовано:

Маска таққан адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Әлеуметтік желіде көшеде маскасыз жүрген адамдарды суретке түсіріп, кейін оларға айыппұл салынатыны туралы хабарламалар тарауда. Алайда Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті айыппұл салудың мұндай схемасы туралы ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды stopfake.kz.

"Полиция қызметкерлерінің бақылау топтарымен бірге ойын-сауық орындарын, кейде көшеде адамдарды тексеретіні рас. Бірақ бұзушылық анықталған жағдайда, олар рапорт дайындап, құқық бұзушыдан жазбаша түрде түсініктеме алуы керек.

Содан кейін барлық құжаттар өңірлердегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қарауына ұсынылады. Тек сонда ғана айыппұл салынады. Фотосурет бойынша ешкім айыппұл салмайды", – деп түсіндірді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Желідегі жалған ақпарат
Скриншот: stopfake.kz

Еске салсақ, бұған дейін WhatsApp мессенджерінде Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданы Ханкөл ауылының маңында сары шашты қыздың елесін көргендерін айтқан тұрғындардың әңгімесі тараған болатын.

Ханкөл ауылы кіретін Жусандыой ауылдық округының әкімі Талап Қазиев ауыл арасында мұндай қауесет тарағанын жасырмайды.

Әкімнің сөзінше, мұндай әңгімелер жаз соңында басталған. Дегенмен ауылдағы ақсақалдар құрбандық шалып, құран оқытқан.

Кейінірек, БҚО әкімі Ғани Есқалиевтан аталмыш видеоға қатысты пікір білдіріп, мұның жалған ақпарат немесе біреудің әзілі екенін айтқан еді.

Дегенмен аймақ басшысы жағдайды тексеру үшін полиция қызметкерлерін жіберетінін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884831-ksede-maskasyz-zrgenderdi-suretke-tsirip-ajyppl-salatyny-ras-pa/

pixel