Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тараздағы сауықтыру кешенінен жезөкшелер притоны анықталды

Жарияланған күні:

Жезөкшелікпен айналысқандар қолға түсті
Фото: polisia.kz

Тараз қаласы Төле би көшесіндегі сауықтыру кешенінде жезөкше әйелдердің притоны анықталған. Полицейлер ғимаратта әкімші болып қызмет еткен 46 жастағы әйелді қолға түсірген деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Жезөкшелікпен айналысуға арналған жезөкшелер үйін ұйымдастырды және ұстады деген күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабының 1-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдікті барлығын мойындаған.

Тағы 11 адам ҚР Әкімшілік кодексінің 449-бабының 1-бөлігі (Қоғамдық орындарда қысым көрсету) бойынша жауапқа тартылды.

Сондай-ақ, ҚР ӘҚБК-нің 450-бабының 1-бөлігіне (Жезөкшелікке немесе жеңгетайлыққа үй-жай беру) сәйкес құқық бұзушылық анықталды.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері "сутенер" бір адамды және сексуалдық қызмет көрсеткені үшін екі қызды тіркеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда жеңгетайлықпен айналысқан әйел кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегенін жазған едік.

Сонымен қатар Алматы қаласында массаж студиясында жасырын интимдік қызмет ұсынған притон анықталған болатын.

Сондай-ақ Қызылорда облысының тұрғыны кәмелет жасқа толмаған қыз баланы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп келгені белгілі болды.

Бұл туралы ішкі істер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және цифрландыру туралы өткен брифингте Камиль Галиев айтты. Оның сөзінше, 26 жастағы қызылордалық тұрғын Алматыда қолға түскен

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884884-tarazdagy-sauyktyru-keseninen-zezkseler-pritony-anyktaldy/