Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көздерінде қорқыныш бар": Психолог әкесінен қорлық көретін балалар туралы айтты

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Pixabay.com

Алматыдағы "Жан-Сая" дағдарыс орталығының психолог маманы Маржан Талғатқызы отбасындағы ұрыс-керіс пен жанжалды көріп өскен балалардың жағдайына тоқталды. Маманның айтуынша, жанұядағы татулық пен тыныштықты көрмеген балалар қорқақ, тұйық және агрессияға бейім келеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Өкінішке қарай, отбасындағы ер адамның зорлық-зомбылығы балаларға қатты әсер етеді. Күйеуінен таяқ жеген әйелдің балалары да қорқынышпен өмір сүреді. Бізге келетін сәбилермен, мектеп жасындағы балалармен тіл табысу оңай емес. Олар алғашында мүлде сөйлемейді, саған ашылғысы келмейді. Көздерінен қорқыныш көрініп тұрады. Егер қандай да бір қатты дыбыс шықса, қорқып, жиырылып қалады. Отбасындағы айғай-шудан әбден мезі болған олар", - дейді психолог.

Маржан Талғатқызының айтуынша, отбасындағы ұрыс-төбелестің салдарынан баланың ішкі мені, өзін-өзі бағалауы мүлде жоғалады.

"Кейін мұндай балалардың қоғамнан өз орнын табуы да қиын болары сөзсіз. Өйткені, кішкентайынан үлкен психологиялық соққы алып жатыр. Баласын ұратын, тебетін, қараңғы жерге қамап қоятын әкелер көп. Соның салдарынан, мұндай жеткіншектер өте агрессивті, ашушаң болып келеді. Өз-өздерін мүлде бағалай алмайды, ішкі мені дамымаған. Өздігінен шешім қабылдай алмайды, Өкінішке қарай, мұндай балалар өте көп. Біз орталыққа келген әрбір балақлайдың тілін тауып, олармен жақсылап сөйлесіп, қарапайым әрі тыныш өмірге қайта әкелуге тырысамыз. Бірақ біздің орталықтан кеткеннен кейінгі олардың тағдыры тікелей ата-анасына байланысты", - дейді "Жан-Сая" дағдарыс орталығының қызметкері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884890-kzderinde-korkynys-bar-psiholog-kesinen-korlyk-kretin-balalar-turaly-ajtty/

pixel