RU

Қарағандыда қонаққа келген жігіт үй иесін тонап, көлігін айдап кеткен

Павлодар облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды
Көрнекі фото: piqsels.com

Қарағандыда қонаққа шақырылған азамат үй иесінің ұялы телефонын ұрлап, автокөлігін заңсыз айдап әкеткен деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Белгілі болғандай, оқиға 11 қараша күні орын алған. Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне 47 жастағы азаматша қоңырау шалып, қонағы үйдегі заттардың қолжетімділігін пайдаланып, “Рено” маркалы автокөлігінің кілті мен ұялы телефонын алып кеткенін хабарлады. Кейін анықталғандай, ер адам үйден алып шыққан кілтпен аулада тұрған аталған көлігін айдап әкеткен.

Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 4 миллион теңгеден астам соманы құраған. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188- бабына ("Ұрлық") сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

14 қараша күні криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған іске қатысы бар деген күдікпен 27 жастағы азамат ұсталды.

Ұрланған көлік қала сыртынан табылып, иесіне қайтарылды.

Айта кетейік, бүгін "Борат 24" дүкені атын жамылған трансұлттық есірткі тобы әшкереленгені белгілі болды. Қазақстанда интернет дүкені арқылы сатуды жүзеге асырған трансұлттық есірткі тобының көзі енді жойылды.

Оған қоса, тараздық полицейлер сауықтыру кешенінен жезөкшелер притонын анықтағанын хабарлаған болатынбыз. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері "сутенер" бір адамды және сексуалдық қызмет көрсеткені үшін екі қызды тіркеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884891-karagandyda-konakka-sakyrylgan-zigit-j-iesini-kligin-zasyz-ajdap-ketken/