RU

Қазақстанда көліктерді тіркеу процедурасына өзгерту енгізілмек

жүргізуші авто 2
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі үкіметттің онлайн отырысында Қазақстанда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында көлікті тіркеу процедурасына өзгеріс енгізілетінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бағдат Мусиннің хабарлауынша, оның ведомствосы халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, танымал интернет платформаларына онлайн қызметтерді енгізуге шешім қабылдаған. Қазір бұл іске қосылып, жеке кәсіпкерлерді тіркеу қызметі кейбір банктердің қосымшалары арқылы жұмыс істейді.

Халық арасында ең танымал мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру жоспарлануда.

Мусиннің айтуынша, жыл сайын 3 миллионнан астам адам мемлекеттік қызметті алу үшін мамандандырылған ХҚКО-ға жүгінеді.

"Үлкен кезек пайда болады. Автокөліктерді тіркеуге онлайн режимінде қол жетімді болғанына қарамастан, адамдар арнайы орталыққа келіп, уақыт жоғалтады. Жаңа процеске сәйкес, сатып алушы сатушының шотына ақша аударғаннан кейін автомобиль иесі бірден өзгереді", - деді министр.

Нәтижесінде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүргізуші куәліктерін беру бойынша қызметтер ғана қалады, өйткені ол үшін емтихан тапсыру қажет.

Еске сала кетсек, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жыл соңына дейін төлқұжат пен жүргізуші куәлігі цифрлық форматқа ауыстырылатынын жеткізген еді.

Сондай-ақ мәжілісмендер жол қозғалысы жөніндегі заңнамаға түзетулер енгізу жайлы құжатты қабылдады. Құжат азаматтарды жүргізуші куәлігін алып жүру міндетінен босату жөніндегі норманы қамтиды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885026-kazakstanda-klikterdi-tirkeu-procedurasyna-zgertu-engizilmek/