jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Қалаулымдық жігіт тікелей эфирде анасының аяғын сүйді (видео)

"Бір болайық" қатысушысы анасының аяғын сүйп жатыр
Фото: Видеодан кадр

Махаббат алаңына айналған "Бір болайық" жобасының қатысушысы Олжас Ходжа тікелей эфир кезінде анасының аяғын сүйіп алды. Ол бағдарламада кезіктірген сүйіктісін анасымен таныстырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бір болайық" жобасының қатарынан екі маусымына да қатысқан Олжас Ходжа өткен жылы бақытын таппай кетсе, осы жолы сүйгенін жолықтырған. Қызығы, жігіттің жүрегін жаулап алған ару да атышулы бағдарламада қатарынан екінші рет бағын сынап отыр.

Өмірлік серігін іздеген жастар ұзақ уақыт бойы бір-бірінің көз алдында жүрген болып шықты. Алайда, айта кетерлігі, Олжас Жанеркені ұнататынын өткен жылы тікелей эфирде мойындаған еді. Бірақ, бойжеткен өзіне сезімін білдірген жігітке бірден "жоқ" деп кесіп айтты. Ару оны достан артық көре алмайтынын түсіндірген болатын.

Дегенмен, араға бір жыл тастап, Олжас Ходжа ақыр-соңы айтқанынан қайтпай, қыздың жүрегін жаулап алған. Бүгінде екеуінің қарым-қатынасы жақсы өрбіп жатқанға ұқсайды. Күні кеше қос ғашық ата-аналарын таныстырған.

Одан кейін Олжастың анасы "Бір болайық" студиясына да келіп, екі ғашыққа батасын беріп кетті. Жанерке тікелей эфирде болашақ енесіне шай құйып берсе, ұлы анасына үлкен гүл шоғын тарту етіп көпшілік алдында оның аяғын сүйген.

Жоба қатысушысының бұл әрекеті желіде нағыз шу тудырды. Халықтың пікірі екіге бөлінді. Бірі Олжас Ходжаның бұл қылығынан ерекше әсер алып, оның анасына деген құрметіне тәнті болып жатыр. Ал басқалары жас жігітті бұл істі әдейі ел алдында жақсы көріну үшін жасады деп сөкті.

Олжас Ходжаның анасының аяғын сүйіп алған сәті атышулы жобаның ресми Instagram парақшасында жарияланды.

Қалаулымдық жігіт тікелей эфирде анасының аяғын сүйді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.