jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

"Бір болайық" бағдарламасында жаңа отбасы құрылды (фото, видео)

"Бір болайық" қатысушысына үйленуге ұсыныс жасалған сәт
Фото: Instagram/ann_2905

Махаббатын іздеп жүрген жандарды қосатын "Бір болайық" бағдарламасында жаңа отбасы құрылды. Тікелей эфирде қатысушы қызға жобадаға әнші жігіті үйленуге ұсыныс жасады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бір болайық" бағдарламасының бүгінгі шығарылымында қатысушы қыз Наргизге сүйіктісі Мерей көпшілік алдында үйленуге ұсыныс жасады. Қос ғашық атышулы жоба барысында танысып, жұп болған еді.

Мерей ғашығын сырттай ұнатып жүріп, ұзақ уақыт бойы құпия үміткер ретінде сыйлықтар жіберіп жүрді. Кейін әнші жігіт батыл қадамға барып, оған тікелей эфирде тосын сый жасады. Ол бағдарлама ережелеріне сай, Наргизге үміткер болып барды.

Бойжеткен сыйлықтарды жіберіп жүрген Мерей екенін болжағанымен, ол келгенде қатты таңғалды.

Жақында қос ғашық ата-аналарын таныстырған болатын. Екі тараптың кездесуі алматылық мейрамханалардың бірінде өтті.

Желі қолданушылары Мерей мен Наргиз үшін аса қуанышты екенін айтып, оларға өзінің ақ тілегін жаудырды.

"Бақытты болыңдар. Сендер үшін қатты қуанып тұрмын. Ерекше жұпсыңдар" , "Үлгілі отбасы болыңдар" , "Мерей жарады. Ұзақ жүрмей-ақ, батыл қадам жасады" , "Нағыз еркек . Ризамын саған" , "Құттықтаймыз. Бақытты болыңдар" , "Бұл жобада шынайы ғашықтар қосылып жатыр. Қатты қуаныштымын" , Ендігі кезек Олжас пен Жанеркеде" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бүгін "Бір Болайық" жобасының қатысушысы Олжас Ходжа тікелей эфирде анасының аяғын сүйді. Жігіттің әрекеті желіде қызу талқыланды.

"Бір болайық" бағдарламасында жаңа отбасы құрылды (фото, видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.