Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның танк бөлімшелері осы жылы 30 далалық шығу мен 2500-ден астам оқ ату өткізді

Опубликовано:

Танк
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Биыл Қарулы Күштердің танк бөлімшелері жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес шамамен 30 далалық шығу мен 2500 атыс орындады.

Даярлық барысында танктің негізгі қаруы болып саналатын танк зеңбірегінен штаттық артиллериялық снарядпен атуға мән берілді. Бұдан басқа, экипаждар қарсыластың тірі шартты күштерін және әуе нысандарын танк пулеметтерімен ату пысықталды.

Жаңа техникалардың қару-жарақ үлгілеріне тұрақты түрде қосылып жатқанына қарамастан, танктер әлемнің көп елдерінде армияның негізгі жауынгерлік құралы болып қала бермек. Олардың басты ерекшелігі – қорғаныс және жауынгерлік қуатында. Бұл жайлы қазіргі кездегі қарулы қақтығыстардан байқауға болады.

Сириядағы, Ливиядағы, Ирактағы, басқада әлемнің қақтығыстар орын алып жатқан елдеріндегі әскери қақтығыстар танктердің соққы беруші басты күш екенін және құрлықтағы әскери іс-қимылдардың ажырамас бөлігі екенін көрсетті. Әскери машиналары қуатты және маневрлі болуы армиялардың әскери қарсыластықта талай артықшылыққа ие болуына мүмкіндік береді.

Танктер
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Құрлық әскерлеріне қарсылас топтардың іс-қимыл тәжірибесі танктердің қару-жарақ құрылымындағы маңызды бөлшегі екенін көрсетті. Көпшілікпен танылған бұл қару түрі қазіргі уақытта да құрлық әскерлерінің әмбебеп күші ретінде қала бермек.

Танк бөлімшелері жоғары маневерлік пен оқ ату қуатын көрсетеді. Көбіне ұрыс нәтижесі осыған байланысты болады. Сондықтан, әлемнің дамыған елдерінің әскерлерінде құрлық әскерлерінің жалпы құрылымында танктердің айтарлықтай салмақты орын алатыны мейлінше заңды.

«Алдаспан-2000» оқу-жаттығуы барысында қазақстандық танкистер іс-қимылдың жаңа тәсілдерін пысықтаған болатын, оның ішінде «Танк айналымы» - ұрысты жүргізу тәсілі орындады, онда әскери машиналар кезек-кезек үздіксіз атысып, айналым қағидасы бойынша дөңгеленеді. Осылайша, қарсыласқа оқ ату үздіксіз жүргізіліп, жоғары қарқында оның ұстанымын өзгертуге мүмкіндік бермейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885158-kazakstanny-tank-blimseleri-osy-zyly-30-dalalyk-sygu-men-2500-den-astam-ok-atu-tkizdi/

pixel