Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысының әкімдігі 20 млн теңгеге чартермен кімді тасымалдайтынын түсіндірді

Опубликовано:

Ұшақ1
Көрнекі фото: piqsels.com

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі құны 20 миллион теңге тұратын Казань - Тараз - Казань чартерлік рейсімен кімді тасымалдауды жоспарлап отырғанын түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

PRO Tenge Telegram-каналы Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушыларды тасымалдау үшін әуе көлігі қызметін сатып алуы туралы ақпаратты жариялады.

"Бұл чартер әкім Сапарбаевқа арналған ба? Таразда бюджеттің 20,7 миллион теңгесін Казань - Тараз - Казань чартерлік рейсіне жұмсауға дайын. Сіздің ойыңызша, кім ұшады? Татар халқымен достықты қолдау үшін әкім ұшпақ па? Әлде ауыр науқастанған балаларды емдеуге ұшақпен жібере ме? Бәлкім, тәжірибе жинақтау үшін қазақстандық дәрігерлер чартермен ұшатын шығар?", - делінген автор жазбасында.

Жамбыл облысының әкімдігі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Ұшақ дәрігерлерді тасымалдауға арналған екен.

"Чартерлік рейс медициналық көмек көрсету және коронавирустық инфекция мен пневмонияны емдеу бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Татарстаннан дәрігерлердің ұшып келуіне арналған", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Әкімдік облыстың қызметкерлері мен басшылығы іссапарларда тек күнделікті рейстерді пайдаланатынын алға тартты.

Еске салсақ, бұған дейін Атырау облысы әкімдігі екі жол талғамайтын көлікті 20 млн теңгеге сатып алуға тапсырыс бергенін хабарлаған едік.

Кейін әкімдік мұның себебін түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885172-zambyl-oblysyny-kimdigi-20-mln-tegelik-carterge-nege-tapsyrys-bergenin-tsindirdi/