Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Опубликовано:

тәж546
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті. Атап айтқанда, елде тағы 762 адамнан COVID-19 диагнозы расталды деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 81

Алматы қаласы - 43

Шымкент қаласы - 7

Ақмола облысы - 42

Ақтөбе облысы - 4

Алматы облысы - 33

Атырау облысы - 17

Шығыс Қазақстан облысы - 252

Жамбыл облысы - 10

Батыс Қазақстан облысы - 40

Қарағанды облысы - 20

Қостанай облысы - 60

Қызылорда облысы - 5

Маңғыстау облысы - 2

Павлодар облысы - 65

Солтүстік Қазақстан облысы - 79

Түркістан облысы - 2

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 123097.

Айта кетейік, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев "Алматы" арнасына берген сұхбаты барысында оңтүстік астанада қаланың периметрі бойынша блок-бекеттер қойыла ма деген сауалға жауап берген еді.

Шаһар басшысының сөзінше, блок-бекеттің қойылу, қойылмауы қазақстандықтардың тікелей өздеріне байланысты. Егер маска режимі, әлеуметтік арақашықтық талабы сақталмаса, той өткізу жалғаса берсе, блок-бекеттердің қойылуы ғажап емес. Сағынтаев талаптардың сақталауы тек қала тұрғындарына ғана емес, Алматы облысының тұрғындарына да қатысты екенін айтты.

Себебі, ол жақтан күнделікті қалаға мемлекеттік қызметкерлер, медицина қызметкерлері және өзге салада қызмет ететін жандар келеді. Сондықтан оңтүстік астана әкімі қаланы қайтап жаппау үшін карантиндік шараларды сақтау аса маңызды екенін атап өтті. Оның сөзінше, егер талаптар орындалмаса, қала билігі блок-бекеттер қоюға мәжбүр болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885394-kazakstanda-tken-tulikte-koronavirus-zktyrgandar-sany-krt-sti/

pixel