jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Әкесінен бала босанды деген оқушы қызға қатысты тың дерек жария болды (видео)

Жасөспірім
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте туған әкесінен жүкті болып, қыз босанды деген мектеп оқушысы жайында енді басқаша мәліметтер шығып жатыр. Қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Тәжиеваның айтуынша, оқушының жасы 15-те емес 17-де көрінеді. Оның үстіне өз әкесінен жүкті болды деген әңгіме жалған болып шыққан екен.

Алайда бойжеткеннің кімнен жүкті болып қалғаны белгісіз. Туыстары полицияға шағым түсірмегендіктен, іс жарты жолда қысқарып кетіпті.

"Шындығына келгенде, ол - 11-сыныптың оқушысы. Қыздың жасы 17-де болған. Өздеріңіз білесіздер, 16 жасқа дейінгі жүктілік ерте жүктілікке жатады. Қыздың жасы 17-ге келген. Құзырлы органдардан сұрадық, ата-анасының немесе басқа да жақтардан ешқандай арыздар келіп түспеген", - дейді қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева.

Сондай-ақ, қаланың бас педагогы бұл жағдайдың ақпан айында болғанын айтты. Шәкіртінің аяғы ауыр екенін сезген ұстаздар оны кешкі мектепке ауыстырыпты. Қазіргі таңда нәресте қыздың анасының қамқорлығында екен.

Еске салсақ, бұған дейін 15 жастағы қыз баланың босанғаны жайында айтылған. Сол кезде Шымкент қалалық білім басқармасының бас маманы оқушының жүктілігіне әкесінің қатысы бар болуы мүмкін дегенді айтқан еді.

Одан бөлек, Ақмола облысында өгей қызын зорлаған 41 жастағы азамат ұсталған болатын. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарап кеткен. Аудан тұрғындары өз хабарламаларында ер адамның қызды және оның анасын қорқытып ұстағанын атап өтеді.

Әкесінен бала босанды деген оқушы қызға қатысты тың дерек жария болды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.