Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мені полицей өлтірді": Қарағандылық әйелдің өлер алдындағы хаты табылды

Опубликовано:

өз өзіне қол салды
Көрнекі фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков

Қарағандыда полицейге қарыз болған әйел өз-өзіне қол салды. 17 қараша күні Можайский көшесіндегі үйлердің бірінде суицид жасаған әйелдің денесі табылды.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан "Новый Вестник" газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қайтыс болған әйел өлер алдындағы хатында полиция қызметкерін кінәлап кеткен.

"Мен өз-өзіме қол саламын деп шештім. Бұған ... кінәлаймын. Мен одан ірі көлемдегі ақша қарызға алдым. Уақытында қайтара алмадым. Оның талабы бойынша үш үй мен пәтерді кепілдікке рәсімдедім", — деп жазған марқұм.

Оның сөзіне қарағанда, 26 миллион теңге шамасындағы пәтер ақшасын полицейдің әйеліне берген. 

Келіншек полицейдің өзіне екі жыл бойы қысым көрсетіп келгенін жазған.

"2018-2019 жылдар аралығында 200 мың доллар көлеміндегі ақшаның процентін төледім. Мен қарызды қайтарудан бас тартқан жоқпын. Бірақ қарыз бен процентті қайтаратын мүмкіндігім болмады. Ал қысым көрсету одан сайын күшейе бастады", - деп жазылған хатта.

Әйел Қарағанды облысы полициясының қауіпсіздік басқармасына барған. Оның арызы бойынша тергеу басталып, бір айдан соң іс жабылған.

"Ол менен бизнесімді, үйімді, әділдікке деген сенімімді алып қойды... Мен бұлай өмір сүре алмаймын... Маған біреу көмектеседі деп сенбеймін. Басқа жол жоқ. Бұл өз-өзіме қол салу емес - бұл адам өлтіру. Мені ... өлтірді", - деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қарағанды облысында түрмеден шыққан педофил екі қызды зорлағаны туралы хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885412-meni-policej-ltirdi-karagandylyk-jeldi-ler-aldyndagy-haty-tabyldy/

pixel