Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түрін өзгертіп, Ресейге қашқан қазақстандық педофил 13 жылдан соң қолға түсті

Опубликовано:

Педофил1
Көрнекі фото: Getty Images/iStockphoto

Калининград полициясы 10 жылдан астам уақыт бұрын педофилияға кінәлі деп табылған Қазақстан азаматын ұстады. Ол елден қашу үшін келбетін өзгертіп, Ресейде тұрып келген деп жазады РИА Новости.

Бұл туралы журналистерге сәрсенбіде Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Ирина Волк хабарлады.

"Қылмыстық тергеу қызметкерлері 10 жылдан астам уақыттан бері мемлекетаралық іздеуде болған 29 жастағы Қазақстан азаматын ұстады. Ол 2007 жылы үйінде кәмелетке толмаған балаға зорлық-зомбылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған", - деді Волк.

Қылмыс жасағаннан кейін ер адам "сыртқы келбетін өзгерте отырып", Ресейге қашып кеткен. Ол Ресейдің батысында жалған есіммен тіркеусіз өмір сүріп, құрылыс алаңдарында жұмыс істеп жүрген. Болжам бойынша, ол туысының құжаттарын пайдаланып келген.

Қылмыскерді ұстауға арнайы сараптамалар, сондай-ақ фотосуреттен педофилді анықтай алған куәгерлер көмектесті. Бүгінде оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Облыстық полицияның баспасөз қызметі РИА Новостиге хабарлағандай, күдікті сақал өсіріп, шашының түсін өзгерткен. Уақыт та келбетінің өзгеруіне өз үлесін қосқан - 10 жыл ішінде іздеу жүріп жатқанда, ер адам қартайып, өзгере бастаған.

Еске салсақ, бұған дейін біз Шымкентте әкесінен бала босанды деген оқушы қызға қатысты тың дерек жария болғанын жазған едік.

Одан бөлек, Ақмола облысында өгей қызын зорлаған 41 жастағы азамат ұсталғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885449-trin-zgertip-resejge-kaskan-kazakstandyk-pedofil-13-zyldan-so-kolga-tsti/

pixel